Биыл қазақтың мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды.

 

Осыған орай Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы З.А.Заурбекованың ұйымдастыруымен 27 қараша күні «Абайдың табиғат лирикасы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына технология факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Сабақ барысында Абай өлеңдеріндегі жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері, адамдар мен табиғатқа деген көзқарас туралы айтылды. Студенттер ақынның табиғат лирикасына арналған өлеңдерін оқып, ондағы дала табиғатының әсемдігі мен қаталдығы, қазақтар өмірінің шынайы бейнесі жайында әңгімеледі, өз ойлары мен әсерлерімен бөлісті.

Top