ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ – ДАНАСЫ

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Қазақ  және  орыс  тілдері» кафедрасының  аға оқытушысы  Р.Т. Султанбекованың  ұйымдастыруымен және 1 курс студенттерінің қатысуымен 4 желтоқсан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы даланың - данасы» тақырыбында тәрбиелік іс шара өтті.

Мақсаты:

  1. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру
  2. Студенттердің сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.

Іс шара барысында Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, тіл байлықтарын дамытты. Мұнай газ ісі факультетінің студенті Маркібай Нурдаулет Абайға арнап жазған өлеңін оқыды.

Top