Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің, қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Мансурова Г.Н., Макимова Г. Т. ҚР Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған онлайн-тәрбие іс-шарасын өткізді.

 ФИТАиТ 1 курс студенттері мемлекетіміздің тәуелсіздік алған күнінен бастап Қазақстанның қалыптасуына арналған бейнефильм, бейнеролик, презентациямен танысты (бейнефильм және бейнероликтің авторы Әнел Бейсенбек), (презентацияның авторы Амантай Талшын). Тәрбиелік іс-шара барысында студенттер ҚР гүлденуіне арналған өлеңдер оқып, қазақ және орыс тілдерінде шырқалды (орындаушылар: Сағымжан Аружан, Назгүл Мамыралы, Еженова Диана ,Сәбит Ажар, Рысбекова Мерей, Күмісбек Әсел, Серікқызы Жанерке, Иманбердиева Баян, Сабыр Алуа, Тұрлунова Әсел). Студенттерге «ҚР Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктері» тақырыбында Попс-формула әдісін қолдана отырып эссе жазу ұсынылды. Іс-шара студенттердің оқытушылармен бірге ҚР әнұранын орындауымен аяқталды.

Top