Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушылары Букенова Ж.С. мен Омарова А.О. ұйымдастыруымен университеттің «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» және «Экономика және бизнес»  факультеттері 1-курс студенттерінің қатысуымен ZOOM платформасында әлемді шарлаған короновирус індетінің алдын алу шаралары бойынша.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»  тақырыбында
Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Мұрат Бейсенбаев онлайн-кездесу өткізілді.

Онлайн-кездесу «Короновирус індетінің алдын алу шаралары» бейнеролигімен басталып, әрі қарай Мұрат Сембекұлының осы аты жаман індеттің қазіргі таңдағы белең алу көрсеткіші жайлы мәлімдемесімен жалғасып кетті.  Студенттер қазіргі таңдағы ең елеулі өзекті тақырып бойынша санитар-эпидемиологтың айтқан ақпаратын мұқият ерекше қызығушылықпен ден қойып тыңдады. Қатысушы жастар аты жаман індет жайлы өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын кезектесе қойып, әрбір сұраққа барынша толықтай жауаптарын алып, ризашылығын білдірді.

 Санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Бейсенбаев Мұрат Сембекұлы іс-шара соңына қарай «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, қатысушы жастарға бұл індеттен сақтану үшін сақтық шараларын қатаң ұстанып, көпшілік ортаға жиналудан аулақ болуға, қоғамдық орындарда үнемі бетпердемен жүруге кеңес берді. Кездесу соңында оқытушылар мен студенттер медицина қызметкеріне қойылған  сұрақтарға толықтай  жауап беріп, берген кеңесі үшін алғыстарын білдірді.

           

Top