БҮГІНГІ СТУДЕНТ – ЕРТЕҢГІ МАМАН

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Қазақ  және  орыс  тілдері» кафедрасының  аға оқытушысы  Р.Т. Султанбекованың  ұйымдастыруымен 1 курс студенттерінің қатысуымен «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбында тәрбиелік іс шара өтті.

 

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек.

Еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында.

Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы мемлекеттің алдағы уақытта жетер жетістігі мен алар асулары осы жастарымыздың қолында.

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін жастардың зор мүмкіндіктеріне жол ашады.

Іс шара барысында студенттер өздері оқып жатқан мамандықтарының қыр-сырымен таныстырылған, жан-жақты мәлімет берілген видеоларын ұсынды.

Top