Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Қазақ  және  орыс  тілдері» кафедрасының  аға оқытушысы  Р.Т. Султанбекованың  ұйымдастыруымен 1 курс студенттерінің қатысуымен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» тақырыбында тәрбиелік іс шара өтті.

 

Мақсаты:  жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

Іс шара барысында студенттер Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы, мемлекетіміздің дамуына қосқан ерен еңбегі мен зор үлесі туралы айтылған бейнесюжеттерімен бөлісті. Елбасына арналған жыр шумақтарын оқып, өз алғыстарын білдірді.

Top