ДӘСТҮРЛЕР МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАР

Жамбыл өңіріндегі  Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы көшбасшы «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі қазақ халқының тілін, ұлттық мәдениетін дамыту, ерекшелігін сақтау, насихаттау мақсатында М.Х.Дулати атындағы  Тараз өңірлік университеті  базасында құрылған болатын.

 

 Бүгінгі күні «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы Тараз жеріндегі қазақ халқын ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, облысымыздағы тұрақтылықты сақтау мен дамуына айтулы үлес қосып, ел бірлігі жолындағы игі бастамалардың  жақтаушысына айналды.

 «Әулие ата» қазақ мәдени орталығының  аясында атқарылған  іс-шаралар мақсатты түрде  салт-дәстүрге бай қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, қазіргі күні ұмытылып бара жатқан тәлім-тәрбиелік маңызы зор рухани мұрасын зерделеп, күнделікті қолданысқа енгізу арқылы, қазіргі қоғамның ұлттық өнерге, салт-дәстүрге мұқтаждығын, ұлттық құңдылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын халыққа жеткізу болатын.

 «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі өзінің кезекті жылдық есеп беру кешін өткізіп, белсенді ұстаздар және студенттерді диплом, алғыс хаттармен марапаттады.

                                                                                                               Б. ІЗТІЛЕУОВ

Top