27 қараша күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасы студенттері үшін ұзақ уақыт есте жүрерлік шеберлік сағаты өтті.

 Әлемге танымал театртанушы ғалым Кристофер Балмның «Театртану» атты ғылыми зерттеу кітабы негізінде өткен онлайн конференцияға халық әртісі, мемлекеттік сыйлық иегері, өнер тану ғылымдарының кандидаты Тұнғышбай Әл-Тарази қатысып дәріс оқыды. Сонымен қатар А.Тоқпанов театрының актрисасы, режиссері Анар Сағымбековада өзінің сахнадағы актерлік құпия сырларымен бөлісті. Біраз уақыттан бері сахнадан спектакль көрудің өзі сағынышты сағымға айналғанын еске алсақ, өнер өлкесіне енді ғана тәй-тәй басқан жас буын, болашақ актерлерге тосыннан жасалған керемет оқыйға болды. Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған онлайн сұхбаттың жастардың болашақтағы өнер жолына шамшырақтай жарқырап бағыт болары сөзсіз. Жас буын өздерін толғандырып жүрген көптеген сауалдарына қазақ театр – кино өнерінің майталманы, хас шеберінен тұшшымды жауап алды.

                                                                                                           

                             А.СЕЙЛХАНОВ                                                                           

Top