ШЕКЕМТАС ОЙНАП ОНЛАЙН ЖАРЫСТЫ

Жуырда 1-4 курс арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шекемтас (қыздар) бойынша онлайн жарыс өтті.

Жарыстарға «Экономика», «Технологиялық», «ФГСН» факультеттерінің студенттері қатысты.

Онлайн жарысты "Дене тәрбиесі" кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Жарыстың бас төрешісі Бекбергенова Жанар және төреші Рожко Гульчехра болды. Барлығы 22 студент қатысты.

Нәтижесінде, I орынды Шодия Алимбаева (ФГСН 2 курс), II орынды Тоғжан Эрнисқызы (ТФ 2курс), III орынды Әсел Қуанышева (ТФ 2 курс) иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар грамоталармен және дипломдармен марапатталды.

 Жанар Бекбергенова, аға оқытушысы

Top