Ұстаз ұлы тұлға

"Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды" демекші, ұстаз шәкіртінің білім алып, тәрбиелі де саналы азамат болу үшін еңбек етеді. Студентінің әрбір жетістігіне қуанып, биік белестерді бағындыруға бағыттап, білікті маман болып жетілуіне үлес қосатын ұлы тұлға.

"5 қазан - Ұстаздар күні" мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегендей ұстаздарына құрмет көрсету мақсатында кафедрамыздың студенттері керемет кеш өткізді. Кеш барысында тұла бойы өнерге толы студенттеріміз көрініс көрсетіп, қазақтың ұлы домбырасымен күй шертіп, мәнерлеп поэзия оқып, көңіл көтерер видеолар көрсетіп, хормен керемет ән айтып, өз ықыластарын білдірді. Әр оқытушының еңбегін бағалап, арнайы сертификаттар табысталды.
Кафедра ұжымы кең пейілді көңілдерін білдірген студенттерімізге мың алғыс айтады.
Әріптестерімізді мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасына амандық тілейміз.

1

1

1

1

Кафедраның аға оқытушысы Нұралы Ж.У.

Top