Кәсіптік практика - 2023

2023 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылғы 20 шілдеден № 2 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндеті стандарттарын бекіту туралы» талабына және «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Жарғысының 113 тармағының 15 тармақшасы мен 2020 жылғы 29 желтоқсанда бекітілген «Кәсіптік практика туралы» Ережесіне сәйкес «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Су ресурстары» кафедрасына тиесілі білім беру бағдарламалары бойынша студенттерінің оқу практикалары ұйымдастырылып, және нақты мекемелерге жіберіліп, окытушылар жетекші ретінде тағайындалды. Атап айтқанда, «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Елді мекендерді сумен жабдықтау және суды бұру» мандықтары бойынша студенттер, сала бойынша мекемелерге жолданды. 6В08613 - «Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру» білім беру бағдарламасы бойынша 1-ші курс студенттеріне ең алғашқы - оқу практикасы да «Р. Жолаев атындағы оқу-зертханасында» басталып кетті.

 2

Top