Кәсіби бағдар беру жұмыстарының жүргізілуі

Кәсіби бағдар беру жұмыстары қазіргі таңда маңызды болып табылады. Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзінің қалауындағы мамандық иесі болу үшін дайындауға бағытталған іс - әрекет. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар.

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы жоспарға сай бекітілген Тараз қаласының «№36 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№44 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және 125 high educational school мектебін бітіруші түлектерімен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Кәсіби бағдар жұмысында мектеп бітіруші түлектерге білім беру бағдарламалары туралы түсіндіру, білім беру бағдарламаларын таңдауға бағыт - бағдар беру, оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Тараз қаласындағы өңірлік университетімізге оқуға түсуге шақырды. Университетіміздің барлық білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Кафедрамызда оқытылатын 6В07312-«Жерге орналастыру», 6В07311-«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламалары бойынша ақпараттар беріліп, таңдау пәндеріне тоқталып, кафедраның жеткен жетістіктері туралы айтылды.

2

Кездесу барысында бітіруші түлектерге білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылған буклеттер таратылды. Мектеп түлектері білім беру бағдарламаларының өту балдарының мөлшеріне, оқу құнына, университеттің материалдық базасына қатысты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

3

Кафедраның аға оқытушысы, магистр Нұралы Ж.У.

Top