XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2023 жылдың 27-28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоспарына сәйкес өткен XV Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Бұл жарысқа еліміздің 18 жоғарғы оқу орнынан 217 студент қатысты. Белгіленген 15 білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған республикалық білім сайысында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан таланты және дарынды жастарымыз бар білімін ортаға салып додаға түсті.

Атап айтсақ, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының базасында «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы «Гидравлика» және «Гидрология» пәндері бойынша студенттерге арналған XV Республикалық пәндік олимпиадаға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті “Су ресурстары” кафедрасының 6В08615-“Су ресурстарын басқару” білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері Бейсенбекова Жансая, Ағабек Нұрай және Кеңес Аяна қатысты.

Сайыста қатарластарынан озып шығып Бейсенбекова Жансая II дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттердің жетекшісі Байжігітова Мадина Төреханқызы ректордың Алғыс хатымен және олимпиадаға қытысқаны үшін Бейсенбекова Жансая, Ағабек Нұрай және Кеңес Аяна Алғыс хаттармен марапатталды.

2

Сонымен бірге, ҚазҰАЗУ басшысы Ақылбек Күрішбаев олимпиадаға қатысып, озық жетістіктер көрсеткен талантты шәкірттерге жетекшілік еткен жетекшілердің әрқайсысын Алғыс хатпен марапаттап, студенттерге қолдау көрсеткен ЖОО-лардағы әріптестері – ректорларға жеке ризашылығын білдірді.

XV Республикалық пәндік олимпиаданы өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ҚазҰАЗУ басшылығы мен ұжымына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-ректор М.Қ.Байжұмановқа және Академиялық мәселелер бойынша проректоры Б.Ж.Манапбаевқа бізді демеп қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз.

«Су ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы Байжігітова Мадина Төреханқызы

Top