Ол Берлин үшін жүргізілген шайқастарға қатысып, мыңдаған жауынгерлермен бірге Қызыл алаңда жүріп өтіп, 23 жасында Кеңес одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, елге нағыз батыр ретінде оралды.Соғыстан кейінгі қиын кезеңде ол оқуын жалғастырып, Мәскеудегі Қызыл Ту әуе күштері Академиясына түсті. Талғат Бигелдинов майданда жүрген кезінде-ақ коммунистік партияға қосылып, партияның съездері мен іс-шараларына белсенді қатысты.Талғат Бигелдинов екі мәрте Кеңес одағының батыры атағын алған тұңғыш қазақ. Екі мәрте Кеңес одағы батыры атағын алған Талғат Бигелдинов болмысынан алға қарай ұмтылып тұратын адам болды. Ол сол мінезінің арқасында қосымша Мәскеу инженерлік-құрылыс техникумын да аяқтап үлгерді және бірнеше жыл Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс басқармасында әртүрлі департаменттерді басқарды.2014 жылдың 10 қарашасында белгілі ұшқыш осы дүниеден озды. Оның ерлігінің құрметіне және 9 мамырдағы жалпы жеңістің құрметіне 2000 жылы Көкшетау қаласында Ұлы Отан соғысының даңқты батырының қола мүсіні қойылды.Сонымен қатар, бүгінде Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиациясына, сондай-ақ батырдың өзі қайырымдылық іс-шаралары аясында жиі көмек көрсеткен Қарағандыдағы Республикалық әскери мектеп-интернатқа Талғат Бигелдиновтың есімі берілді. Сондай-ақ, авиация генерал-майорының өмірінің соңғы жылдары өткен Алматыдағы Қонаев көшесіндегі үйіне батырға арнап ескерткіш тақта қойылды.Болатбек Нәсенов аты аңызға айналған Талғат Бигелдиновпен ағалы-інілі болып етене араласқанын айтады. Осы кезде тарихшы соғыс ардагерінің батырлық дастанынан бастап, отбасылық өміріне дейінгі кезеңді ұшқыштың өз аузынан естіген. Мысалы батыр атамыз мұсылмандық жөн-жоралғыларды 26 жыл бірге өмір сүрген Орынбике (Бикеш) арқылы ұстанғанын айтады. Алайда тарихшы Талғат Жақыпбекұлының өміріндегі Орынбикенің орны лайықты түрде бағаланбай ортырғанын жеткізді.«Бүгінде Талғат ағаның өмірбаянын терең білетін осы жары ғана десек қателеспейміз. Өң десе өң бар, ақыл десе ақыл бар. Жан тәнімен қазақпын дейтін адал жары бола білді.Аналар туралы, оның ішінде Талғат ағамыздың жары Орынбике туралы айтып отырған себебім, ол мені ағамен жақын таныстырған, ағаның адал жары бола білгендігін атағым келеді. Осы Орынбике қарындастың арқасында мен Талғат ағаның жақын інісі, досы, сырласы болып 15 жылдан артық жиі араласып, өте жақсы қарым қатынаста болдым», – дейді тарихшы. Майданда сан рет ажалмен бетпе бет келген Талғат Бигелдинов 2014 жылдың 10 қарашасында 93 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Батырдың денесі Алматыдағы Кеңсай зиратына қойылып, басына ескерткіш орнатылған. Талғат Жақыпбекұлының ерен ерлігін ұрпақтары ұмытпай, әр кез есінде ұстап отырады.
«Су ресурстары» кафедрасы 4 курс топ кураторы
Байжигитова М.Т.