Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Жас буынға көрсеткен қамқорлықтың қайырымы көп. Қолдауды сезініп өскен жеткіншектер ертең елге қайырлы азамат болады. Қасиетті Рамазан айында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су ресурстары» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Облыстық жасөспірімдер үйі» мекемесінің балаларына көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 31 000 теңге көлеміндегі қаржыға қажетті заттар әперіп, қолдау көрсетті.

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу –  өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Аталған қайырымдылық іс-шарасын өткізудегі мақсатымыз – жас буынды қолдайтын алдыңғы толқынның барын сездірту болғанын айта кеткен жөн.

2

Қол ұшын созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту –  барлығымыздың азаматтың борышымыз. Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық ағайын!

Мадина Байжігітова,

«Су ресурстары» кафедрасының

аға оқытушы, магистр.

Top