ХАЛҚЫ ҰЛЫҚТАҒАН, ЕЛ-ЖҰРТЫ ҰМЫТПАҒАН

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты 1-3 курс студенттеріне Тараз қаласындағы Д.Қонаев атындағы облыстық мұражай-кітапханасына саяхат-сабақ ұйымдастырды.

Топ кураторлары Г.Қожамқұлова, Г.Қойшыбаева, М.Байжігітованың бастамасымен халқымыздың арда ұлы Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығына орай кітапханада «Ізі өшпейтін ізгі адам» атты іс-шара өткен болатын.

Облыстық мұражай-кітапханасының директоры Гүлфайруз Іңкарбекова студенттерге Д.Қонаевтың өміржолынан мол мәлімет айтып, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚазССР Ғылым академиясының Президенті, академик, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған тұлғаның халқы үшін еткен адал еңбегі туралы әңгіме қозғады.

Жамбыл облыстық Ардаргерлер Кеңесінің мүшесі, Қоғам қайраткері Оңласын Есіркепов мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың өмірі тағылымға толы екенін әңгімеледі. Расында тұлғаның әрбір сөзі қазіргі ұрпақ үшін тәлім-тәрбие беретін нақылға айналған. Ел аузында жүр. Жас ұрпаққа өз батасын беріп, болашақта білімді жастардан күтетін үмітін жасырмады.

Кітапхана әдіскері Әсел Абдраманова тұлғаның еңбек жолына шолу жасады. Студенттерге Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Ғасырдың дара перзенті» кітап көрмесі таныстырылып, ұлы тұлғаның өмірі мен еңбекк жолы туралы ақпарат берілді.

2

3

Г. Қожамқұлова,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

Су ресурстары кафедрасының аға кураторы.

Top