АЛҒЫС АЙТҚАН АҚЖАРМА КӨҢІЛ... АНАЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ АҚ ТІЛЕККЕ ҰЛАСТЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы мен студенттері Алғыс айту күніне орай «Жүректен жүрекке» алғыс білдіру баннерін дайындаған болатын.

Бұл бастама студенттер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Жастар ақжарма көңілмен өз жақындарына, достарына алғыстарын жетікізіп, жүрек пішіндегі ашықхаттарын жапсырды. Ізгі тілектерін жеткізу үрдісінен оқытушылар да тыс қалған жоқ.

Адам баласы шынайы ризашылық сезімін әртүрлі жеткізеді. Біреуі ықыласын іс-әрекетпен, екіншісі – заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым - қатынас түрінде де білдіретіндер бар. Әркім алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады.

Көктемнің алғашқы күнінде келетін атаулы күнде алғыс айтқан ақжарма көңіл Аналар мерекесіне орай ақ тілекке ұласты. Атап айтсақ, 8 наурыз мерекесіне орай кафедраның бір топ студенттері аналарға, аруларға арнаған лебіздерін арнайы видеоролик етіп дайындаған болатын.

Бейнетүсірілім 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 1 курс кураторы Г. Дүбүрбаева студенттермен ашық кураторлық сағатта көрсетілді.

Кураторлық сағатты өткізуге студенттер Э. Жұманалиева, А. Алпысбай атсалысты. М.Нұралиева «Ана» әнін шырқап, әннен шашу шашты. М.Ордабектің мерекеге орай дайындаған сөзтізбесі көпшілік назарына ұсынылды.

2

3

4

5

Top