«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ, ТЕРРОРИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП» АТТЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ

2022 жылдың 17 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының "Су ресурстары" кафедрасының аға кураторы Г.Е. Кожамкулова және 2 курс кураторы Г. Ж. Койшыбаева 6В08613- "Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру", 6В08614- "Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар", 6В08615 – "Су ресурстарын басқару", 5В080500- "Су ресурстары және суды пайдалану" білім беру бағдарламаларының 1,2,3,4 курс студенттерімен және магистрантармен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

ҰҚК қызметкерлері профилактикалық әңгіме барысында студенттер үшін өте өзекті тақырыптарды қозғады.

Кездесу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі, зейнеткер Атамқұлов Батырбек Керімбайұлы, ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының қызметкері полиция майоры Жәнібек Рауан, өз пікірлерін былай білдірді – «Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың аландаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізумен ерекшеленеді. Радикалды идеялардың дамуының жаңа кезеңінің бастауы экстремистік топтардың үгіт-насихат жұмыстарының киберкеңістіктікке ауысу үдерісі болып табылады. Экстремистік топтар тарапынан жаңа жақтастарды қатарына тарту үшін барлық қол жетімді мүмкіндіктер қолданылады: әлеуметтік желілер, тақырыптық форумдар, мессенджерлер, онлайн ойындар және т.б.

Жарияланатын ақпарат белгілі бір мақсатты аудитория (жабық чаттар және әлеуметтік желілердегі топтар), сондай-ақ пайдаланушылардың кең ауқымы үшін дайындалады. Онлайн кеңістігіне көшуге байланысты экстремистік мазмұндағы ақпараттық-насихаттық материалдардың жарияланатын контентінің сапасы мен санының артуы байқалады. Экстремистік ұйымдардың негізгі мақсатты аудиториясы әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да факторлардың әсерінен берік идеологиялық көзқарасы қалыптаспаған жастар санаты (8-29 жас аралығында) болып табылады. Жастардың интернет арқылы радикалдануы жаһандық үдеріс, оның аясында әлеуметтік желілер зорлық-зомбылықты насихаттаудың, радикалды идеялардың таралуының стратегиялық құралы ретінде қолданылады. Әлеуметтік желілер  мен SMM жарнамалық құралдарын пайдалану арқылы халықаралық террористік ұйымдардың көшбасшылары өз аудиториясының негізгі қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес материалдар дайындайды.

Діни экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардар болу, дін саласындағы мәселелерді неғұрлым терең түсіну, экстремистік нарративтерге қарсы тұру, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу тәсілдерін енгізу кезінде ескеріледі. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде қарастырылады. Азаматтық қауымдастықтың мемлекеттік органдармен бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаруы маңызды жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді» деп атап өтті.

Бұл кездесу бейресми қарым-қатынас форматында өтті. Лекция соңында видео-роликтер көрсетілді. Әрбір студент өзінің құқықтары мен жауапкершілігіне, қауіпсіздігіне, сондай-ақ ҰҚК қызметкерлеріне қатысты кез келген сұрақты қоя алды.

Бүгінгі сабағымызда қаңтар оқиғасында болған жағдайда жіберілген қателіктердің алдын алу мақсатында дін, әдет-ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. Өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек. Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек. Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.

Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Өз дінінді ұмытпа, Дініңді сен ардақтағын, құнтта!

Көз алдында тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа!

image001

"Су ресурстары" кафедрасының аға кураторы Кожамқулова Г. Е.

Top