Бұл ұйымдастырылған шараның мақсаты төтенше жағдай туындағанда уәкілетті басшы құрамның әрекеті, оқытушылардың және студенттердің дайындығын пысықтау болса, қауіптерден қорғанудың бір көрінісі ретінде тек теориялық тұрғыда ғана емес, тәжірибелік дағдыны жетілдірудегі сабақты жүргізудің әдісі болып табылады.
Жамбыл облысы сейсмотұрақтылығы жоғары аймаққа жататын болғандықтан жаттығу жер сілкінісі туындағандағы және радиациялық қауіптіліктің таралуы жағдайында өтті. Жедел штаб құрылып, төтенше жағдайдың түрі анықталып, студенттерді, оқытушыларды эвакуациялау, жарақаттанған адамдарға алғашқы көмек көрсету, құтқару бойынша жұмыстар жасалынды.
Жаттығу барысында жеке қорғаныс құралдарынан бөлек техникалар да жұмылдырылды. Оқу жаттығу жиынының сәтті өтуіне «Су шаруашылығы және құрылыс» институтының ұжымы атсалысты және университет басшылығы қолдау көретті.