НАШАСЫЗ ӨМІР ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ.

Қазақстанда жиырма төрт мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Арнайы орталықта тіркеуде тұр. Бұл ресми дерек. Ал бейресми дерек көрсеткіші одан да жоғары. Қоғамдық ұйымдардың есебінше жүз жиырма мыңнан асып кеткен. Статистикалық мәліметтер бойынша соңғы бес жылда есірткіге тәуелділер саны 35 пайызға төмендеген. Бірақ он тоғыз мың қылмыс соңғы бес жылда осы есірткімен байланысты болған екен.

Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында есірткі заттарын дайындау, тарату, саудалау, насихаттаудың жолдары барынша кеңейіп жатыр. Бірақ биыл жыл басында есірткілерді насихаттайтын сайттарды жабу туралы заң шыққан.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет сайттардың сілтемесін таратуға байланысты қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізгенін білесіздер. Қылмыстық кодекске жаңа 299-1-бап енгізілді. Ол бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Осы қылмыс топпен, бірнеше рет, білім беру ұйымдарында немесе адам көп жиналатын орында, бұқаралық ақпарат құралын немесе электрондық ақпарат ресурсын пайдаланып, қызметтік жағдайын пайдаланып жасалса, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленді.

WhatsApp Image 2021 12 03 at 12.53.36

Біздің елімізді осынау бүкіл әлемді жайлаған індет айналып өтпекені рас. Осыған байланысты «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Мелиорация және агрономия» кафедрасының оқытушылары кафедра студенттеріне арнап «Нашақорлыққа жол жоқ» атты  Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ подполковнигі Белгибаев К.Ш. және майор Сухарев А.В. бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізді.

Полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша Қазақстанда синтетикалық нашаны жасайтын зертханалар бар екені анықталды. Тек олардың бір ерекшелігі сізге қолма-қол бермеуінде. Кладмендер  (тауарды зертханалардан алатын адам) тауарды үлкен көлемде алып курьерге береді. Курьерлер өз кезегінде жан-жаққа таратады. Курьер болу үшін сіз тек арнайы сайттарға кіріп, тіркелсеңіз жеткілікті. Ол жерде жасыңыз немесе жынысыңыз маңызды емес. Сізге есепшотыңызға ақша салып жібереді. Нашаны сататын магазиндерді ұстау өте қиын, себебі, олар бір магазинді жауып, қайта басқа жерден ашады. Өздерінің курьерлерін жоғалтып алмас үшін почталарына QR код жібереді.

Кезінде нашақорлардың орташа жасы 30 дан асқандар болса, қазіргі таңда 20дан асқандар, сонымен қатар 14-15 жастағылар да нашақорларға жем болуда. Синтетикалық наша ол – мефедрон. Көбіне оған бақуатты отбасының балалары әуестенуде. Синтетикалық нашаны қолданатын адамның бастапқы белгілері – қызығушылықтарының жойылуы, агрессивті болуы, ұйқысыздық. Мефедрон қолданған адам 5 күн қатарынан ұйықтамауы мүмкін, оны «марафон» деп атайды. Сонымен қатар, адам тершең болып кетеді, салмақ көп жоғалтады және көзінің қарашығы үлкейеді.

1 грамм синтетикалық нашаның бағасы – 15.000 теңге. Бастапқы 3 айда нашақор айына 3 граммнан пайдаланса, 3 айдан кейін айына 5 граммнан пайдалана бастайды, кейін тіпті 1 түннің ішінде 5-6 граммнан пайдалануға дейін жетеді.

Осы есірткі қылмысына байланысты ҚР ҚК 297 бабы бойынша есірткіні сатқандығы үшін 5 жылдан өмір бойғы бас бостандығынан айыру жазағы тағайындалған.

ҚК-тің 297-бабына сәйкес:

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу – мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған;

4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы;

6) қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді бiлiм беру ұйымдарында не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға өткізу – мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қаламызда есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Мысалға алсақ Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ подполковнигі Белгибаев К.Ш. еріктілер топтарымен бірлесе отырып қала ғимараттарының қабырғаларында салынған есірткі саудасымен айналысатын телеграмм каналдары және инстаграмм желілерінің графити суреттерін өшіру секілді шаралар ұйымдастырылған.  

Полиция қызметкерлері сөз соңында студент жастарға есірткіге мүлдем жоламау керектігін, егер әуестенген жақын адамдары болған жағдайда оны міндетті түрде туыстарына хабарлап, оның жаман әдет екендігін ескерту керектігін ерекше атап өтті. Студенттер де өз кезегінде құнды мәліметтер алғандықтарын айтып, алғыстарын білдірді.

«Мелиорация және агрономия»  кафедрасының кураторы

Қоңыр Сандуғаш Бауыржанқызы

Top