БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істейтін оқытушылардың біліктілігін арттыру бүгінгі күні университеттердің кадр саясатының міндетті компоненті ретінде қарастырылуда.

ЖОО ПОҚ-ның кәсіби шеберлік деңгейін арттыру оқу-әдістемелік міндеттерді шешуге, білім беру процесі сапасының жаңа көрсеткіштеріне қол жеткізуге ғана емес, сондай-ақ ПОҚ-ның кадрлық өсуіне ықпал етеді.

Бүгінгі таңда университеттің әр оқытушысының үнемі кәсіби өсу қажеттілігі біліктілік талабы ретінде қабылданады.

2

Осыған байланысты "Су ресурстары" кафедрасының оқытушылары тұрақты түрде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 15-19 қараша аралығында "Су ресурстары" кафедрасының оқытушылары Қойшыбаева Г.Д. және Егенбердиев Н.Т. Алматы қаласында өткен "Су, Санитария, Гигиена және Денсаулық" тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Аталған курсты Орталық Азия Өңірлік экологиялық орталығы ұйымдастырды және ол "Blue Peace Central Asia"жобасы аясында өткізілді. Аталған курстың дәріскері - Марина Питер, Қоршаған орта инженериясы саласындағы философия докторы, Швейцарияның солтүстік – батыс қолданбалы ғылымдар университеті ғылым мектебінің ғылыми қызметкері және оқытушысы. Бұл курстың мақсаты-оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ оқу процесіне "Су, Санитария, Гигиена және Денсаулық" модулін оқу процессіне енгізу.

Курс тыңдаушылары модуль бағдарламасы мазмұнының жоғары деңгейін, оның практикалық маңыздылығын атап өтті.

Аға оқытушы Койшибаева Г.Д.

Top