1 Наурыз – Алғыс айту парызым!

«Достық» ұйымы мен «Техникалық физика» кафедрасының ұйымдастыруымен бүгін "1 Наурыз – Алғыс айту парызым!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Студенттер әзірлеген тағамдар мән тәттілер жәрмеңкесіне профессор-оқытушылар да атсалысты. Қайырымдылық жәрмеңкесі жастарды адами қарым-қатынас сезіміне тәрбиелеу, көмекке зәру жандарға мейірімділік пен жанашырлық таныту, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеде түрлі тіл үйіретін тәтті-тағамдар мен сусындар ұсынылды.

Дәстүрге айналған жәрмеңкенің мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз жартылай жетім студенттеріне және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету; университет ұжымы мен студенттерінің санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау.

2

Осындай шаралар арқылы әлеуметтік әділдік, теңдік, өзара сыйластық пен қамқорлық көрсетуді тек мемлекетіміз ғана емес, азаматтық ортаның, жастардың өздерінің жасауы – қоғамымыздың кемелденгендігін, жаңғырғандығын көрсетеді.

Жәрмеңкеден түскен қаражат көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік тұрмысы төмен студентке жұмсалады. Жастардың игі бастамасы көпшіліктің көңілінен орын алды. Сондықтан бұл шара алдағы уақытта да жалғасатыны анық.

Қайырымдылық акциясы шарасының барысында 101000 мың теңге қаражат жиналды. Кафедра ПОҚ-ның шешімімен түскен қаражат 101000 теңгені «Техникалық физика» кафедрасының студентіне Күлембек Ботагөзге оқуының төлемақысы ретінде жұмсалды.

Top