ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОР ЖАСТАР БАР

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Автоматика және телекоммуникациялар» кафедрасы Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Тағдырдың теперішін көрген қарияларға студент жастар осылайша көңіл бөліп, жандарына шуақ сыйлады. Қоғамда қамкөңіл жандарға қамқор жастар барын көрсетті.

Автоматтандыру және телекоммуникациялар» кафедрасының меңгерушісі М. Жүнісбековтың айтуынша,бұл шараға 6В07122- «Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» және В06211- «Көп арналы талшықты-оптикалық желілер мен жүйелер» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен топ кураторы М.Толғанбаева мұрындық болған. Студенттер ән айтып, би билеп, тақпақ айтып, музыкалық аспаптарда ойнады.

Студенттер мен кураторлар қарт ата-әжелердің тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін бөлмелерін аралап, сыйлық ретінде орамал тарту етті.

2

Top