АЭжБУ «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Республикалық Олимпиаданың қорытындысын шығарды

«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада заманауи IT құралдарының көмегімен өткізіліп, алдыңғы қатарлы цифрлық технологиялар мүмкіндіктерінің жарқын көрінісі болды. Олимпиада Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының "Автоматтандыру және басқару" кафедрасының базасында өтті.

 

"Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша Республикалық пәндік Олимпиада Қазақстанда осындай іс-шараларды қашықтықтан өткізу тәжірибелерінің бірі болды. Еліміздің 13 ЖОО-ның командалары қатысты. Бұл соңғы жылдары "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша пәндік олимпиадаларға қатысушылардың рекордтық саны.

Қазақстанның сегіз қаласы мен облысынан - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Тараз, Түркістан және Орал қалаларынан келген студенттер өздерінің білімдерін, дағдылары мен қабілеттерін көрсетті.

Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші, жазбаша кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 10 адам анықталды. Олармен әңгімелесу өткізілді, оның барысында қатысушылар конкурстық тапсырмаларды шешу барысын түсіндірді.

Екі кезең қорытындысы бойынша жеке есепте 39 қатысушының ішінен біздің студенттер келесі орындарға ие болды: Дидарұлы Әділет-7 орын, Жеңісбек Арман Жеңісбекұлы -10 орын, Бекберді Ернұр Ерланұлы - 21 орын

Командалықесептеорынкелесідейбөлінді:

орын – Л. Гумилев атындағыЕуразияұлттықуниверситеті;

орын – Қ. Сәтбаев атындағыҚазақұлттықзерттеууниверситеті;

орын – С. Торайғыроватындағы Павлодар мемлекеттікуниверситеті;

орын – М.Х. ДулатиатындағыТаразмемлекеттікуниверситеті;

орын – Қарағандымемлекеттікиндустриялықуниверситеті;

орын -  Сафи Утебаеватындағы Атырау мұнайжәне газ университеті.

Екіншітурғаөткенбарлыққатысушыларбіздіңмамандықтыңнегізгіпәндерібойыншабілімдерінтабыстыкөрсетті, - депатапөтті Г. ДәукееватындағыАЭжБУ "Автоматтандыружәнебасқару" кафедрасының меңгерушісі доцент, техника ғылымдарының кандидаты Игорь Федоренко. - Тек жүлдегерлер ғана емес, сонымен қатар, мысалы, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, сондай-ақ Қазақстанның басқа да өңірлік жоғары оқу орындарының өкілдері өз білімдерімен қуантты. Автоматтандыру және басқару саласында білікті маман болу үшін олардың барлығы қажетті білімдерге ие, онсыз еліміздің экономикасын цифрландырудың үлкен міндеттерін шешу мүмкін емес.

«Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Джунисбеков М.Ш.

«Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының аға оқытушысы Исакулова Ж.А.

Top