Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн кафедрасы

"ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН КОНСТРУКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ДИЗАЙН" КАФЕДРАСЫ 

Bayzhanova

   

   

БАЙЖАНОВА СУЛУШАШ БАЛАБИЕВНА

кафедра меңгерушісі, доцент, т.ғ.к.

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-79-73

E-mail: baizhanova_75@mail.ru

Мекен-жайы: Төле би көшесі, 60, 2.3-416

 

 

 

 

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасын 1966 жылы қазіргі Алматы Мемлекеттік педагогикалық университетінің т. ғ. д., профессоры Нуриев М. А. басқарды. 1971 жылы кафедра«Тігін бұйымдарының технологиясы» болып бөлінді. Ең алғашқы осы мамандық бойынша Тихонов В. Н., Капустина В. Я., Сергалиева Н.С., Рысқұлова Б. Р. және С. Б. Тарпанова сабақ жүргізген.Ұзақ жылдар бойына кафедраны – аға оқытушы С.Б. Тарпанова, т.ғ.д., профессор М.Т. Мынбаев, т.ғ.к., доцент Т.К. Андабекова, т.ғ.к., доцент Л.Н. Ямпольская, т.ғ.к., доцент Н.А. Герасимова, т.ғ.д., профессор М.А. Нуржасарова, т.ғ.к., доцент К.К. Аширбаева, т.ғ.к., доцент Б.М. Уалиев доцент Джанахметов О.К. басқарған. Екі кафедраның бірігуіне байланысты қазіргі уақытта кафедра «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» деп аталады.2014-2015 оқу жылдарынан бастап т. ғ. к., доцент Омарбекова М. Т. кафедраны басқарып келеді. Қазіргі кезде кафедрада 9 ғылым кандидаты, 2 Ph.D докторы, 13 магистрант және 3 Қазақстан суретшілер одағының мүшелері жұмыс жасайды. Кафедра оқытушылары тұрақты түрде біліктілігін жоғарылатып отырады. Кафедраның көп оқытушылары магистратураны диссертация қорғап аяқтаған. Бұл қорғалған диссертацияла рғылыми жағынан да, педагогикалық жоспарда да үлкен қызығушылықтанытады. Қорғалған жұмыстардың нәтижесі оқуүрдісіне және өндіріс орындарына енгізілген. Соңғы жылдары кафедра құрамы біршама жасарып, тағы алты магистрантпен толықтырылды. 1971 жылданбастап Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында, қазіргі ТарМУ, жеңіл өнеркәсіп саласына арналған мамандар дайындау жүзеге асырылуда. «Дизайн жәнетігінбұйымдарыныңтехнологиясы» кафедрасыөзінің 60 жылдығын атап өткен М.Х. Дулатиатындағы Таразмемлекеттік университетінің ең алғашқы бөлімдерінің бірі болып табылады. Біздің ЖОО шетелден келген жүздеген студенттер оқыды. Қазіргі кезде олар шетелдегі техникалық интеллигенция элитасын құрайды. Атапайтсақ, Н.А. Герасимова– Иваново қаласыныңт.ғ.к., доценті, Н.П. Логинова– т.ғ.к., доцент, А.Бунина атындағы Елец мемлекеттікуниверситетінің «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі, Шульц– Лейпциг (Германия) қаласының т.ғ.к., доценті. Институт өзінің бітірушілерін мақтан тұтады: М.Т. Мынбаев – Ислам университетінің ректоры, Алматы қаласы, Б.И. Умралиева – т.ғ.к., доцент, М. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі (Астана қаласы), М.А. Нуржасарова – т.ғ.д., доцент, Алматы технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі, Е.П. Раймхен – Рудный индустриалды институтының ТБТ кафедрасының меңгерушісі (Рудный қаласы), Р.О.Жилисбаева – техника ғылымдарының докторы және Т.А. Баскимбаева – техника ғылымдарының кандидаты, АТУ профессорлары, Н.Д. Ковалева – Астана қаласындағы «Ковалева сәнүйінің» президенті, Г.К. Ерманова – т.ғ.к., ҚРБжҒМ ЖОО аттестациялау бөлімінде Астана қаласы бойынша бас маман, О.Ы. Салманова – Қостанай қаласындағы АҚ «Большевичка» тігін өндірісінің директоры, А. Барков – э.ғ.к., Алматы қаласындағы «Текстиль Лайн» ЖШС бұрынғы бас дизайны. 60 жыл ішінде инженер-технологтарды, конструкторларды, модельерлерді, дизайнерлерді дайындау барысында студенттермен «тігінцехы» деп аталатын оқу ғылыми-өндірістік кешені құрылған. Мұнда толық көлемде кафедраның арнайы пәндері бойынша зертханалық жұмыстар, сондай-ақ курстық және дипломдық жұмыстар орындалады. Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің басқа да ЖОО тығыз байланыс орнаған. Атап айтсақ, Санкт-Петербургтік, Мәскеулік мемлекеттік дизайн және технология университеттері мен Ташкенттік текстильдік институтымен, Ельца қаласының И.А. Бунина атындағы мемлекеттік университетімен, Алматы технологиялықуниверситетімен, «Сымбат» сән және бизнес академиясымен, Руднендік индустриалды институтымен, Каунастық технологиялық университетімен және т.б. Кафедраның өтпелі кезеңінде салалары бойынша алуан түрлі мамандыр қызмет еткен және қазіргі кезде жоғары сапалы мамандандырылған мамандар мен ғылыми кадрларды дайындауға зор үлес қосуда. Олар дәріс оқудың жоғары деңгейімен, студенттік аудиторияның психологиясына терең әсеретуімен, мәселелерді дұрыс бағытта шешілуімен, жоғары білімділік пен кәсіптік дайындығымен ерекшеленеді. Кафедрада ғылыми жұмыстарға үлкен көңіл бөлінеді. Олар «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы», «Дизайн» мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттарды дайындауда өз жалғасын тауып отырады. Докторанттардың жемісті жұмыс нәтижелеріне т.ғ.к., профессор Т.П. Герасимовичпен құрылған іскерлік, шығармашылықортаның, өзіне қойылған талаптардың, өзінің үлкен тәжірибесін жеткізу мен көмек көрсетуінің, ұйым ортасындағы беделдігімен басқаруы ықпал етеді Ұзақ жылдар бойы кафедраны – ағаоқытушы С.Б. Тарпанова, т.ғ.д., профессор М.Т. Мынбаев, т.ғ.к., доцент Т.К. Андабекова, т.ғ.к., доцент Л.Н. Ямпольская, т.ғ.к., доцент Н.А. Герасимова, т.ғ.д., профессор М.А. Нуржасарова, т.ғ.к., доцент К.К. Аширбаева, т.ғ.к., доцент Б.М. Уалиев басқарған. Қазіргі кездекафедрада 8 ғылым кандидаты, 4 Ph.D докторы, 10 магистрант және 1 Қазақстан суретшілер одағының мүшелері жұмыс жасайды. Кафедра оқытушылары тұрақты түрде біліктілігін жоғарылатып отырады. Кафедраның көп оқытушылары магистратураны диссертация қорғап аяқтаған. Бұл қорғалған диссертациялар ғылыми жағынан да, педагогикалық жоспарда да үлкен қызығушылық танытады. Қорғалған жұмыстардың нәтижесі оқу үрдісіне және өндіріс орындарына енгізілген. Соңғы жылдары кафедра құрамы біршама жасарып, тағы алты магистрантпен толықтырылды. 2009-2010 ж.ж. ғылым және инновация бойынша проректор т.ғ.д., профессор И.Ю.Бринк дәріс оқу мақсатымен және ғылыми кеңес беру үшін ТарМУ-да екі рет келген болатын. Қазіргі уақытта И.Ю.Бринк мырзаның жобалары бойынша Экономика институтымен (Германия, Галле қаласы) ғылыми бірлестік жалғасуда. 2010 жылдың желтоқсан айында кафедраның екі докторанты – М.А.Жаканов және А.К.Жаппарова Каунасс технологиялық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 2011 жылдың қазан айында Каунасс технологиялық университеттің үш профессоры ТарМУ-ға келіп, дәрістер курсын және кеңес беру жүргізілді. 2010-2013 жылдары кафедраның PhD докторантары Джиембетова И.С., Жаппарова А.К., Абзалбекулы Б. Каунасс технологиялық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. (Республика Литва). Қараша айының 2013 жылы доцент Джанахметов О.К «Дизайн және технология».факультеті бойынша , Каунасс технологиялық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 2010 жылдың желтоқсан айында магистрант А.А.Каримов Дизайн және технология Мәскеу мемлекеттік университетіндегі Дизайн институтының орталық Дизайн кафедрасында зерттеу тәжірибесінен өтті. 2012-2013 оқу жылы профессор Мунасипов С.Е Мәскеу Мемлекеттің университет Дизайн және технология, және Каунасс технологиялық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті 2014-2015 оқу жылдарында кафедра оқытушылары Байузакова Г.С., Мукаева А.М. ФГБОУ ВПО «СПГХПА им. А.Л. Штиглица, , Кудабаева А.К., Омарбекова М.Т. в КазГАССА Алматы қаласында тағылымдамадан өтті. 2016 жылы ақпан айында аға оқытушы, өнертану магистрі Каримов А.А.Санкт-Петербург қаласындағы Штиглиц атындағы Мемлекеттік өнеркәсіптік-көркем академиясында тағылымдамадан өтті. 2016 жылы ақпан айында аға оқытушылар Мукаева А.М. и Смагулова Г.С. «Содержание и методика проведения занятий по специализации «Графический дизайн»» атты біліктілігін артыру курстарынан ҚазБСҚА кәсіби –шығармашылық орталағында өтті. 2013 жылдан бастап ҒЗЖ бойынша тематикалық жоспарға сәйкес екі бөлім және кезең бойынша жүзеге асырылады: 1.Арнайы қолданыстағы корпоративтік стильдегі киімдерді қалыптастыру үшін бастапқы ақпаратты құрастыру. 1.1 Корпоративтік стилді қалыптастырудың ерекшеліктері – А.К. Кудабаева, Ж.Т. Жақыпов,Ж.М. Егизеков. 1.2 Арнайы киімдердің алуан түрлерінің символикасын құрастыру – Б.М. Уалиев, А.А. Каримов. 2. Арнайы киімдердің дизайн-жобалауының конструкторлық-технологиялық қамтамасыздандырылуын құрастыру.2.1 Еңбек шартына сәйкес эргономикалық схеманы құрастыру – Е.А. Никитюк, У.С. Келесова, А.М. Мукаева 2.2 Еңбек шартына байланысты киімдердің ластануы мен залалдануының типографиялық схемасын жасау – М.Т. Омарбекова, Б.т. Байешов, А.С. Туребекова. 2.3 Еңбек шартына байланысты арнайы киімдерге қойылатын талаптар – Т.П. Герасимович, У.С. Келесова, М.Т. Омарбекова, Б.Т. Байешов, Г.С. Байузакова, Е.А. Никитюк, М.М. Тухватулина, А.М. Мукаева.Оқытушылардың магистранттар мен студенттермен бірге жасалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері – арнайы киімнің дизайн альбомы, авто сервис өнеркәсіп жұмысшыларына арналған жеке қорғаныс тәсілдері, қоғамдық көлік жұмысшыларына және металлургиялық өнеркәсіп жұмысшыларына арналған жобалық-конструкторлық құжаттама түрінде ұсынылған. 2013 жылдың Польша республикасында өткен Жамбыл облыстық мәдениет күнінде кафедра доценті А. Калиевпен ұлттық киімдердің жинағы көрсетілді. Бұл киімдер жергілікті модельерлер мен дизайнерлерді таң қалдырды. Делегация нәтижесінде Польша республикасында жыл сайын өтетін конкурсқа қатысуға мүмкіндік берілді.Кафедрада кадрларды дайындау 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы» және 5В042100 – «Дизайн» бакалавриат және 6М072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы» және 6М042100 – «Дизайн» магистратура мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. Жалпы кафедрада 6D072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы» мамандығы бойынша 5 PhD докторы дайындалды. Бұл жағдай бойынша "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрылымы және дизайн" кафедрасының профессоры т.ғ.д. С. Е. Мунасипованың«Аяқ киім қалыптарын және бұйымдардың өлшемдіктүрлерін дайындау үшін Қазақстан тұрғындарының табандарын антропометриялық зерттеу»тақырыбындағы ғылыми жобасы 2015-2017 жылдарға арналған ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруына ие болды, бұл профессор-оқытушылар құрамының елеулі ғылыми жетістігі болып, технологиялық факультеттің ғылыми әлеуетінің танылуы болып табылады.Факультеттің ПОҚ және тәлімгерлері жыл сайын өтетін ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың - Бірінші Президент Қорының ай сайынғы дербес стипендиясы байқауына белсенді қатысады. 2014-2015 оқу жылында "Дизайн" мамандығының 4-курс тәлімгері Синявская Альбина "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрылымы және дизайн" кафедрасының аға оқытушысы Никитюк Е.А. жетекшілігімен «Өнер» номинациясы бойынша1 орын және қор стипендиясының иегері атанды. 2014 жылдың желтоқсан айында аға оқытушы Каримов Абдусамат байқау нәтижесі бойынша "Өнер"номинациясы бойынша облыс Әкімінің грант иегері атанды. Жеңісті "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрылымы және дизайн" кафедрасының тәлімгерлері Ордабаева А., Кожамаров Н., Мейірбек А., ТашшабаевН., Зикирил А Пернебек Б. Жалғастыра отырып, "Союз Атамекен", ҚҰЭП "Атамекен Стартап" ОФ тарапынан Тараз қаласында 2014 жылдың қараша айында ұйымдастырылған инновациялық бизнес-идеялар байқауында жүлделі 3-орынды және ақшалай грант жеңіп алды (ғылыми жетекшісі- PhDдокторы, "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрылымы және дизайн" кафедрасының доцентіЖұмабекова Г. Б.). Республикалық пәндік олимпиадада "АЖЖ" және "Материалтану" бағыттары бойынша Қазақстанның 8жоғары оқу орындарының арасында (АТУ, Алматы қ.)университеттің 2 тобы қатысты: 5В072600- "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрылымы және дизайн" мамандығы бойынша құрамында Денис Давыдов, Бушуев Тимофей, Ташшабаев Нұрболат, олардың дайындағандар т. ғ. к., доцент Джанахметов У. К., т.ғ.к., доцент Биназаров С. Е., т. ғ. д., профессор Мунасипов С. Е.;5В0728000 - "Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы"мамандығы бойынша Мәкен Эльнар, Искендерова Мөлдір, Әлдибай Сымбат, олардың дайындағандар т.ғ.к., доцент Мынбаева А. Б., т. ғ. к., доцент Садыбаев А., PhD докторы, доцент Солтыбаева Б. Е. Теориялық сұрақтарғажауап беруі және білімдерін тәжірибедеқолдана білуі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды және олар 3-орын иеленді. ҚР БҒМ білім беру саласындағыбақылау Комитетінің төралқасы тарапынан 2015 жылғы18 наурызда "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрылымы және дизайн" кафедрасының аға оқытушысы Абзалбекұлы Бекжанға (жетекші т.ғ.к., доцент Джанахметов О. К.) және Жаппарова Ақмаралға (жетекшісі-к. т. ғ. д.,профессор Герасимович Т. П.)6Д072600 -"Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрылымы және дизайн"мамандығы бойынша PhD докторыакадемиялық дәрежесі берілді.Осылайша, технология факультетіндегіPhD докторлар саны 12-ге жетті. Бұл жағдай бойынша "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрылымы және дизайн" кафедрасының профессоры т.ғ.д. С. Е. Мунасипованың «Аяқ киім қалыптарын және бұйымдардың өлшемдіктүрлерін дайындау үшін Қазақстан тұрғындарының табандарынантропометриялық зерттеу»тақырыбындағы ғылыми жобасы 2015-2017 жылдарға арналған ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруына ие болды,бұл профессор-оқытушылар құрамыныңелеулі ғылыми жетістігі болып, технологиялық факультеттің ғылыми әлеуетінің танылуы болып табылады. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті тәлімгерлерімен магистранттары тарапынан 2015 жылы 14-16 мамырда Алматы технологиялық университеті базасындаҚР білім және ғылым Министрлігінің және Халықаралық серіктестер - Еуропаның жетекші ЖОО-ның (Манчестер Метрополитен Университеті, Ұлыбритания, Еуропалық дизайн институты, Италия) қолдауыменөткен Халықаралық жас дизайнерлер мен модельерлердің "ЖАС ӨРКЕН -2015" байқауында «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының жас дизайнерлер мен модельерлерінің шығармашылық жұмыстары профессор-оқытушылар құрамы басшылығымен үш номинация бойынша: "De Lux"; "Фольклор" және "Деним"ұсынылды. Құламанова Ақжүніс «Деним» номинациясы бойынша Халықаралық "ЖАС-ӨРКЕН - 2015"байқауының жеңімпазы болды. Біздің топтаманың барлық авторларына Халықаралық байқау қатысушысы Дипломдары берілді.2015 жылдың қыркүйек айындаұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың - Бірінші Президент Қорының ай сайынғы дербес стипендиясы байқауының нәтижелері бойыншаАида Ордабаева және Кемелбек Толғанайлар жеңімпаз тәлімгерлер атанды. 2015 жылдың желтоқсанында, аға оқытушы, PhD доктор Абзалбекұлы Бекжан жас ғалымдар байқауында жеңімпаз болды және облыс Әкімінің грантына ие болды, тәлімгер Синявская Альбина «Қолданбалы өнер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып,ол да облыс Әкімінің грантын жеңіп алды. 2016-2017 оқу жылында ҒЗЖ нәтижесі бойынша «ЖӨБТК және Дизайн» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., профессор Мунасипов С.Е. Қазақстан Республикасының ЖОО Ассоциациясының Байтурсынов атындағы «Үздік автор» күміс жүлдесінің иегері атанды. Сонымен қатар, 2016 жылдың 23 тамызында ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҒЗЖ-ның Р.Алашановтың құрмет грамотасымен марапатталды.«ЖӨБТК және Дизайн» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доцент Құдабаева А.Қ жоғары кәсіби біліктілігі мен Қазақстан Республикасына атқарған еңбегі үшін, «Білім саласының үздіктері» Халықаралық энциклопедиясы Қоғамдық Кеңесінің «За вклад в развитие образования» медалімен марапатталды. 2017 жылдың 12 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің ғалымдары күніне орай PhD доктор, доцент м.а. Абзалбекұлы Бекжан Ректодың атынан «Гранттық жобалар байқауларына нәтижелі қатысқаны үшін» номинациясы бойынша және аға оқытушы Байузакова Г.С. «Патенттік – өнертапқыштық қызмет» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. 2017 жылдың сәуір айында Алматы қаласының ҚазБСҚА-да өткен пәндік олимпиадада факультет студенттері қайтадан жоғары білімін көрсетіп, барлық мамандық бойынша жүлделі орындарға ие болды. 5В072600- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялануы мамамандығы 3-ші орын алды: Команданың жетекшісі «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Анарова Ғ.С. 1. В14 ЖӨБТК -1,3 3 курс студенті Аманқосов Ғазиз Базарбайұлы; 2. В14 ЖӨБТК,3 3 курс студенті Кожанова Бану Нурахановна; 3. В14 ЖӨБТК-1,3 3 курс студенті Назарбекова Гүлнұр Еркiнқызы; 4.5В042100- Дизайн мамандығы 3 курс студенті Сұлтанжа Гүлзат жеке біріншілікте 3-ші орын алды; 2016 жылы 5В042100- Дизайн мамандығының 3 курс студенті Токтасынова Н. РЕспубликалық «Элементы и процессы дизайна моды» пәндік олимпиадасында 1 орын алып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды. ;5В042100- Дизайн мамандығының 3 курс студенті Нурабаева Ж. 20.04.2017 жылы Көкшетау қаласында, «Гуманитарлық-техникалық академияның» 25 жылдығына орай ұйымдастырылған, студенттер, магистранттар, докторанттар мен аспиранттардың қатысуымен «Рынок и эффективность производства - 14» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Лучший студенческий доклад» номинациясы бойынша 1-ші дірежелі дипломмен марапатталды. «ЖӨБТК және Дизайн» кафедрасының түлектері Адасхан А. және Қожамаров Н. 2016 жылдың желтоқсан айында астана қаласында өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық ғылыми жұмыстар» конкурсында 3-ші дәрежелі диплом алды. «ЖӨБТК және Дизайн» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доцент Құдабаева А.Қ және 6М072600-ЖӨБТК мамандығының магистранттары БайдильдаеваА., Астанова Б.Д. «Астана «Ехро-2017» халықаралық көрме еріктілеріне арналған нысанды киімдерді әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысымен «Евразийский мир в научном поиске молодёжи» Халықаралық жас ғалымдар конкурсына қатысып, «Креативный исследователь» номинациясы бойынша 3 орын иегерлері атанды. 2018 жылғы 8-10 қазан аралығында Тараз қаласында «ASPARAFASHIONWEEK» сән апталығы аясында «Асыл-дизайн» сән үйі ұйымдастырған «NEO-FOLKLORE» киім дизайнерлерінің II халықаралық байқауы өтті. Конкурстың соңғы күнінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «ЖӨБТК және Дизайн» кафедрасының «Сымбат» студенттік үйі «Шығыс ханшайымы» стильді этнографиялық костюмдер жинағының үлгілерін таныстырды және дипломмен марапатталды.
2019 жылдың 10-13 қазан күндері доцент Б. Абзалбекұлы мен Г. Джумабекова Измир қаласында (Турция) өткен V Халықаралық «Былғары инженерингі конгресіне» қатысып, ғылыми жұмыстарын таныстырды.
15 қараша 2019 жыл доцент Б. Абзалбекұлы мен Г. Джумабекова Измир қаласында (Турция) өткен V Халықаралық «Былғары инженерингі конгресіне» қатысып, ғылыми жұмыстарын таныстырды.
30.10-15.11-2019 аралығында аға оқытушылар Байузакова Г.С және Мукаева А.М. Минск қаласында құзыреттілігін жоғарлатты.

КАФЕДРА КЕЛЕСІДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР, МАГИСТР ЖӘНЕ ДОКТОРАНТ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ:

В031- Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн:(бакалавр)
6В02111-Сән дизайны
6В02112-Жарнама дизайны
6В02113- Интерьер дизайны

В070 Тоқыма :киім, аяқ киім және былғары бұйымдары: (бакалавр)
6В07212 Киім индустриясы
6В07219 Былғары галантереялық бұйымдар индустриясы
6В07220 аяқ киім индустриясы

7М021.01-Дизайн (магистратура)
7М072.01-Тігін бұйымдарының индустриясы (магистратура)
7М072.02-Былғары бұйымдарыныңың индустриясы (магистратура)
8D072-Былғары бұйымдарының индустриясы (докторантура)

Top