Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану кафедрасы
ШАРДАРБЕК МУХАМЕДЖАН ШАРДАРБЕКУЛЫ,
кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент
Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-39-41
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Төле би көшесі, 60, 2.4-103
«Тоқыма өндірісінің материалдары» кафедрасы 1994 ж. ашылды. 2013 жылы кафедраның атауы «Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» болып өзгертілді. 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін кафедраны т.ғ.к., доцент Шардарбек М.Ш. басқарады.
2002 жылдан бері кафедра 6N0726 – «Текстиль және жеңіл өнеркәсібі бұйымдары мен тауарларының технологиясы» мамандығы бойынша магистранттарды дайындады, 2005ж. экспериментальды докторлық бағдарламасы бойынша Ph.D докторларды, 2008ж. бері 6N0733 – «Текстиль материалдарының технологиясы және жобалауы» мамандығы бойынша магистрлерді дайындады. Қазіргі кезде бакалавриат және магистратураның келесі мамандықтары бойынша мамандар дайындайды: «Текстиль материалдарының технологиясы және жобалауы», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы».
Кафедрада біліктілігі жоғары мамандар дайындауға барлық жағдайлар жасалынған. Иіру және трикотаж өндірістерінің мамандандырылған зертханалары, компьютер класы, интерактивті құрал-жабдықтар бар. Оқу процесіне оқытудың заманауи әдістері енгізілген. Оқытушылар республикалық және шетелдік тағылымдамадан өтіп, біліктіліктерін жоғарылатып отырады. Кафедраның үш оқытушысы – 2010 ж. Шардарбек Мухамеджан, 2012ж. Баданов К.И., 2016 ж. Маханбеталиева Камшат «ЖОО-ң үздік оқытушы» атағының иегерлері.
Кафедрада екі оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшелер «Өрнек» және «Шебер» жұмыс жасайды.
Студенттердің ғылыми шығармашылыққа қызығушылығын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, ұйымдастырушылығын арттыру, оқуға деген саналық қатынасын ояту, алған білімдерін тереңдету және бекіту үшін оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшелер негізінде «Өрнек» және «Шебер» үйірмелері ұйымдастырылды.
Студенттер жасаған текстиль бұйымдары студенттер жұмысының көрмелеріне қойылады. Оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшелерінде жасалынған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студенттік конференцияларда баяндалады. Үйірме жұмыстарына қатысқан студенттер дипломдық ғылымдық жұмыстар жасайды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу процесіне және Тараз, Шымкент қалаларындағы текстиль кәсіпорындарына енгізіледі.
«Өрнек» бөлімшесінде әртүрлі сюжет мотивтермен қолдан кілемдер тоқылады. Кілемдер республикалық және шетелдік көрмелерге қойылады. Ұлттық нақышта жасалынған эксклюзивті кілем-кәдесый, портрет-кілемдер халықтың сұранысына ие. Кілем бұйымдары өндірісінде студенттер салады, сабақтау карталарын құрастырады.
Кафедра заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталынған: Silver ReedSK 840/SRP 60 N екі фонтурлы электронды тоқу машинасы; DV-II+ Pro Брукфильдің ротациялы вискозиметрі, ЮНИКО 1201 спектрофотометрі, сулы өрнек басуға және сублимациялауға арналған ағынды плоттер Mimaki TPC-1000, My lock 204D трикотажды қайып тігетін машина, орташа және ауыр салмақты маталарға арналған шөлнекті тігісті әмбебап бір инелі тігін машинасы 423 S, JANOME 423Sэлектромеханикалық тігін машинасы.
Кафедраның кадрлы құрамы мамандарды дайындау бағытына сәйкес келетін ғылыми-педагогикалық және өндірістік тәжірибесі үлкен, біліктілігі жоғары және жетекші қызметкерлерден құралған. ПОҚ құрамы: 1 техника ғылымының докторы, 4 ғылым кандидаты, 1 PhD доктор, 5 магистр, 2 аға оқытушы. Олар Мәскеу текстиль институтының, Иваново текстиль институтының, Ташкент жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлектері. Кафедра ұжымының алдында, біздің күшімізбен шешімін табатын жаңа тапсырмалар тұр.
КАФЕДРА КЕЛЕСІ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВРЛАР МЕН МАГИСТРЛЕРДІ ДАЯРЛАЙДЫ:
5В073300 - Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы (бакалавр)
5В071000 - Жаңа материалдардың технологиясы және материалтану (бакалавр)
6М073300 - Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы (магистратура)
6М071000 - Жаңа материалдардың технологиясы және материалтану (магистратура)