Super User

Super User

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 07:40

СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕСІ

Студенттер тәжірибесі

«Технологиялық» факультеті мамандықтарының студенттері бүкіл оқу кезеңінде тәжірибені 4 рет, 1-ші курста – оқу, 2,3-ші курстарда өндірістік, ал 4-ші курста диплом алдындағы кәсіби өндірістік практикадан өтеді. Бұл тәжірибелер Тараз қаласы, Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасының басқа да аймақтарындағы әр түрлі меншіктегі кәсіпорындарда ұйымдастырылған.
Жоғары оқу орнында тәжірибе өтудің мақсаты теориялық курсты өндірістегі тәжірибемен ұштастыру болып табылады. Тәжірибені өту барысында студенттер кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметімен танысып, ұйымның өндірістік бөлімдерінің жұмыстарын оқып үйренеді.Бүгінгі күні технологиялық факультетінде студенттердің кәсіби практикаларының дұрыс ұйымдастырылуы мақсатында кафедралар келесі кәсіпорындармен келісім-шарт жасаған
Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы және биотехнологи кафедрасы
ЖШС «Астық-Меркі», Түлкібас ауданы «ЭкоПродуктГрупп» ЖШС-і, «Астық сақтау» ЖШС-сі Меркі ауданы, Жамбыл облыстық санитарлық эпидемиологиялық санитарлық сараптау орталығы зертханасы, «LF Company» ШҚ, «Берсанукаев И. » ЖШС, «Бидай Нан» ЖК, «Астық қоймалары» ЖШС, «Бурненская молоная компания» ЖШС, сонымен қатар университеттің «Наноинженерлік зерттеу әдістері» зертханасы; Азық-түлік тағамдарының технологиясы және Өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандықтары бойынша 6 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалған. Биотехнология мамандығы бойынша 4 мекемемен келісім–шарт жасалған.
«Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының филиалы Жамбыл ветеринарлық станциясында ашылған.
Химия және химиялық технология кафедрасы
. «КазФосфат» ЖШС(Қазақстан), «Амангелді мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (Қазақстан), «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС (Қазақстан), Қазақ Су Шаруашылығы Ғылыми-Зерттеу Институты.(Қазақстан), Д.В.Сокольский атындағы отын, жанармай және электрохимия институты.(Қазақстан), Боресков атындағы катализ институты.(Ресей), Томск мемлекеттік университеті (Ресей), Минск мемлекеттік университеті (Ресей), Д.И.Менделеев атындағы Ресей химико-технологиялық университеті (Ресей), Новосибирск мемлекеттік университеті(Ресей), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Химия және химиялық технология» факультеті (Қазақстан).
Кафедра филиалы: ЖШС «КазФосфат» зауытында 2014 жылдан бастап кафедра филиалы жұмыс жасайды, онда студенттер, магистранттар, докторанттар зертханалық сабақтарын, дипломдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Стандарттау, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі кафедрасы
«Стандарттау және метрология» кафедрасы: «Өнімді, қызметті сертификаттау орталығы» ЖШС Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Тараз қ., «QS Asia Sertik» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС, «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» АҚ ЖФ, «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Жамбылгипс» АҚ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ, РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты», «Надыров РБ» ЖШС, «Фабрика ПОШ-Тараз», «Казфосфат» ЖШС, «Ақ бидай» ЖШС, «Каз-Сертик-А» ЖШС, «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС.
«Стандарттау және сертификаттау» және «Метрология» мамандықтары бойынша 20 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалған.
Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн кафедрасы
ЖШС «Дизайн Сұлу, Ателье «Сагил», ЖШС «Айвенго», ЖШС «Тараз Кожобувь; Облыстық орыс драма театры «Модерн театр» Тараз қ., ЖК «ADALSAUDA» Тараз қ., Шеберхана «Набоко» Тараз қ., ЖК «Apolti» Алматы қ., ЖШС «Asia Simex Trade» Тараз қ., ЖК «Рыспанов» Тараз қ., ЖК «Дана-Дель» Тараз қ., ЖК «Галимов» Тараз қ., ЖШС «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы, Тараз қ., Жамбыл облыстық ЖШС «Знамя труда» газетінің редакциясы, Тараз қ., ЖШС «Рыспаева и К» Тараз қ., ЖК «Бекенова» «Алтын-Ай» ательесі Тараз қ., ЖШС «В.Р.-94» Тараз қ., ЖК «Тараз Таңы» Тараз қ., ЖШС «Сенім» Жамбыл баспа орталығы Тараз қ., ЖК «Despro» Тараз қ., ЖШС «SHOES REPUBLIR» Алматы қ., ЖК «Асыл-Ай» Тараз қ., ЖШС «Айвенго» Тараз қ.
Кафедра филиалы: ЖШС «Дизайн Сулу», ЖШС «Тараз , ЖК «Дана-Дель», ЖӨБТК және Дизайн мамандықтары бойынша тігін кәсіпорындары және (аяқ-киім) фабрикаларымен келісім-шарт жасалған.
«Тоқыма өнеркәсібінің технологиясыжәнематериалтану»кафедрасы
«Таразкожобувь» ЖШС, «Фабрика-ПОШ-Тараз» ЖШС, ««Эксперт» оқу орталығы» ЖШС, «ЖМКЗ «Имсталькон», ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жамбыл облысындағы техникалық реттеу комитетінің департаменті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ЖФ РМК», «Бидаулет» ЖШСжәнекафедраның ОҒӨБ келісімшарттаржасалған. Жалпымамандықтарбойынша 10 кәсіпорынменкелісім-шартжасалған.
Шарттарғасәйкес«Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС филиалдары да бар.
«Туризм және сервис» кафедрасы
Жамбыл облысының туристтік индустриясының ассоциациясы; «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; ТОО «Samisi Sayyon plus», Республика Узбекистан., «Жарнама Міх» ЖШС; «Қызылорда санаторий-профилакторий» ЖШС; «Zhanros Drilling» ЖШС, Управление физической культуры и спорта акимата Жамбылской области, «MARVEN TOUR» ЖШС, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустиальды-инновациялық даму басқармасы, ҚМҚК «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі», ТОО «Вояж - КZ», г Алматы, ИП «Kambatyroff», ИП «Тастанбекова И.П», ТОО «Али - Мед» ТОО «Тараз Профсоюз Турист», ТОО «Байлык», ИП «Clean Home», Дирекция первых тюркских игр, ТОО «Тараз Инвест Консалт», Управление энергетики и ЖКХ акимата Жамбылской области, ТОО ЛОЦ «Самал», Управление здравоохранения акимата Жамбылской области.
Кафедра филиалы: «Жамбыл-Сервис» ЖШС, «Жамбыл қонақ үйі» ЖШС, «Лештаева М.» ЖК «Гауһартас» мейрамханасы.

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 07:38

Мамандықтар

Технологиялық факультет мамандықтары

БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫ:
5В042100 - Дизайн
5В060600 - Химия
5В070100 - Биотехнология
5В071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы
5В072700 - Азық-түлік тағамдары технологиясы
5В072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы
5В073200 - Стандарттау және сертификаттау
5В073300 - Тоқыма материалдарының технологиясы мен жобалануы
5В075000 - Метрология
5В091200 - Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
6В02111- Сән дизайны
6В02112- Жарнама дизайны
6В02113- Интерьер дизайны
6В 07214-Тамақ және өңдеу өндірісінің технологиясы мен инженерингі
6B07215- «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»
6B05113 –«Тамақ биотехнологиясы»
6В05314-Химия
6В07115- Химиялық инженерия және процестер
6В07116-«Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы»
6В07211-«Инновациялық текстиль»
6В07212- Киім индустриясы
6В07219 -Былғары галантереялық бұйымдар индустриясы
6В07220 -Аяқ киім индустриясы
6В07511- Өнеркәсіпте стандарттау және сапаны басқару
6В11111- Туристік бизнес"
6В11112-Гостиничное дело
6В11113- Мейрамхана бизнесі
6В07514- Метрология және өнеркәсіптегі метрологиялық қамтамасыздандыру

МАГИСТРАТУРА МАМАНДЫҚТАРЫ:
6М042100 - Дизайн
6М060600 - Химия
6М071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
6М072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
6М072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы
6М072700 - Азық-түлік тағамдары технологиясы
6М073200 - Стандарттау және сертификаттау
6М073300 - Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
6М074000 - Нанотехнология (сала бойынша)
6М075000 - Метрология
6М072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы
7М021.01-Дизайн
7М072.01-Тігін бұйымдарының индустриясы
7М072.02-Былғары бұйымдарыныңың индустриясы
7М05312 - Химия
7М07130-Химиялық инженерия және процестер (1 жылдық)
7М07112- Химиялық инженерия және процестер
7М07111 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар
7М07217-Тамақ және өңдеу өндірісінің технологиясы мен инженерингі
7М07218-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
7M07511-Өнеркәсіпте стандарттау және сапалы басқару
7M07514- Метрология және өнеркәсіптегі метрологиялық қамтамасыздандыру
7М07211-«Инновациялық текстиль» 2 жыл
7М07216-«Инновациялық текстиль» 1 жыл
7М07113-«Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы» 2 жыл
7М07119-«Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы» 1 жыл

ДОКТОРАНТУРА МАМАНДЫҒЫ:
8D05311-Химия
8D07212- -Инновациялық текстиль
8D07211- Былғары бұйымдарының индустриясы
8D072213 -Өңдеу және тамақ өндірісінің технологиясы

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 07:21

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

"Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек"

Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Plan     name

 

Projects     Expedition

 

book     DAIJEST

 

Latin     NEWS

 

BOOKS     REPORTING

 

Latin     NEWS

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 07:17

WEB-TEACHER

web teacher

 

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 06:54

Студенттік портал

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 03:40

ҚОЙБАҚОВ СЕЙІТХАН МЕЛДЕБЕКҰЛЫ

koibakovМ.Х. Дулати атындағы ТарМУ–дың ғылыми жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры,техника ғылымдарының докторы, профессор,экология және өміртіршілік қауіпсіздігі халықаралық ғылым академиясының академигі,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданының қазіргі Шыңбұлақ ауылындағы көпбалалы қызметкер отбасында 1955 жылдың 27 желтоқсанында дүниеге келді.

Еңбек жолын 1973 жылы «Жамбылсельстрой-20» тресінің өндірісті техникалық жабдықтау басқармасында жұмысшы болып бастады. 1975 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына (ЖГМҚИ) түсіп, оны «Гидромелиорация» мамандығы бойынша 1980 жылы үздік дипломмен бітірді.

1980-1989 жылдар аралығында Павлодар қаласындағы Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Солтүстік Қазақстандық кешенді бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, ал 1986 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

1987 жылы 05.23.07 «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша Новосибирск қаласындағы В.В.Куйбышев атындағы инженерлік құрылыс институтында кандидаттық диссертацияны ойдағыдай қорғады.

1990-2001 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының (қазіргі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) «Жерге орналастыру» кафедрасында ассистенті, аға оқытушы, доцент одан соң кафедра меңгерушісі болып қызметтер атқарды.

2001-2002 жылдары докторлық диссертацияны бітіру мақсатында ТарМУ-да аға ғылыми қызметкерлік қызметте болды.

2002-2004 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2004 жылдың қаңтар айында 05.23.07 «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша «Мелиоративтік және гидротехникалық нысандардағы үйінділермен күресудің технологиялық негіздері» тақырыбында техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны ойдағыдай қорғады.

2004 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін аталған университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметінде. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің бақылау комитетінің шешімі бойынша 1997 жылдан доцент, ал 2011 жылдан профессор атағы берілген. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» деген төс белгімен марапатталған.

2014 ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» деген Құрмет аттаққа ие болды. «Ғылыми әдебиеттерге қосқан үлесі үшін» деген төс белгімен марапатталған. Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. «Құрметті құрылысшы» атағының иесі.

«2016 жылдың ЖОО Үздік оқытушысы» грантының иесі. 

Қазіргі таңда білімгерлердің дипломдық жұмыстарына, магистранттар мен доктаранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етуде.

Ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша 200-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмыстар жариялаған, оның ішінде 45 патент және алдын ала патенттері, 4 монография, өндіріске нұсқаулар бар.

Республикалық «Ғалымдар одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы;

Шу және Талас өзендерінің су шаруашылығы құрылымдарын мемлекет аралық пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының мемлекет аралық комиссиясының мүшесі, докторлық диссертациялық кеңесінің төрағасы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесінің мүшесі, «Туған өлке» аймақтың тұрақты дамуына атсалысу» қоғамдық бірлестіктің төрағасы, Қазақстан геотехникалық қауымдастықтың мүшесі. «ТарМУ бітірушілерінің Ассоциациясы» қоғамдық қауымдастығының атқарушы директоры.

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 03:38

НАУРЫЗБЕКОВА АЛЬМАРА ЕРКІНҚЫЗЫ

nauryzbekova almaraНаурызбекова Альмара Еркінқызы 1970 жылы 20 сәуірде Жамбыл қаласында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ технологиялық институтын 1991 жылы «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Жамбыл қаласының қаржы басқармасында экономист қызметінен бастады.

1996 жылдан қазіргі таңға дейін А.Наурызбекова үзбей еңбек етіп, оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің магистратура секторы және Ph.D докторлық бағдарламалары бөлімінің меңгерушісі, «Тараз университеті» баспасөз директоры, тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметтерін атқарды.

А.Е.Наурызбекова 2003 жылы «Аймақтық жағдайда шағын кәсіпкерліктің дамуының ерекшелігі мен беталысы» тақырыбындағы экономикалық теория - 08.00.01. мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде кандидаттық диссертация қорғады. Халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми баспаларда оның 30-дан астам мақаласы жарияланды. 1 монография мен 3 оқу-әдістемелік құралдың авторы. 2006 жылы ЕЕRC экономикалық зерттеулер мен білім консорциумы (Москва қаласы) грантының иегері және ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар 2003-2010 жылдары Наурызбекова А.Е. «ТарМУ жаршысы» ғылыми журналының ғылыми-техникалық редакторы болып жұмыс атқарды. Ғылыми қызығушылық саласы – аймақтық деңгейдегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, жемқорлықтың экономикалық табиғаты және оның әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2010-2018 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор А.Е.Наурызбекованың жетекшілігімен кураторлық институттың рөлінің артуы, кураторлар мектебін құру, 12-ден астам студенттік-жастар бірлестіктері мен Студенттік құрылыс жасақтарының қызметін ұйымдастыру мен жаңғырту және жастар арасында құқықбұзушылық пен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары күшейтілді.

А.Е.Наурызбекованың патриоттық тәрбиеге және бірінші кезекте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық бастамаларын жүзеге асыру, қолдау үшін бағытталған көптеген студенттердің қатысуын ұйымдастыруды қажет ететін қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды (флеш-мобтар, фестивальдер, митингтер, парадтар, кростар, концерттер, марафондар және т.б.) өткізу, үлестіру бойынша жұмыстары ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Абдықалықова, Ресейдегі Қазақстанның Елшісі И.Тасмағамбетов, Жамбыл облысы әкімі К.Көкрекбаев, Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстың құрметті азаматтары, ардагерлері және басшылары тарапынан жоғары бағаланып, студент жастардың да қолдауына ие болды.

Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметін атқару барысында А.Наурызбекованың бастамасымен қоғамдық мамандықтар факультетін Дулати университеті шығармашылық орталығы ретінде қайта қалыптастырып, 400-ден астам студенттер қатысатын өнердің әртүрлі жанрында көркем өнерпаздық шығармашылық студенттік ұжымдар - «Арай», «Асылай», «Гаухартас», «Карахан», «Асадаль», «Калинка», «Тұран» би ансамбльдері, «TarSU.kz» заманауи би тобы, «Универ» вокалды-инструменталдық ансамблі, халық аспаптар оркестрі, сән студиясы құрылды. Сонымен қатар университеттің киім қоймасының базасы толықтырылып, қазіргі таңда 2000 бірлікке жуық сахналық костюмдерді құрайды. Дулати университеті шығармашылық орталығының жоғары шеберлікпен, сапалы дайындаған сахналық үлгідегі киімдері бүкіл республикаға өзгешелігі, әдемілігімен танылып, сұранысқа ие болған костюмдер сахна төрінде көрермендердің эстетикалық талғамдарынан шығып, әрдайым қызығушылығын тудырады. Шығармашылық студияларда дәріс алатын студенттер көптеген байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жеңіске жетіп, жүлделі орындарды иеленуде.

Наурызбекова А.Е. Қазақ Хандығының 550-жылдығын мерекелеу, Азиаданың Эстафета Алауы, Қысқы Универсиада және де басқа іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі мен тәрбие саласындағы ерең еңбегі ескеріліп, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, М.Х.Дулати медалі және т.б. алғыс хаттармен марапатталды.

А.Е.Наурызбекова «Нұр Отан» ХДП құрамында және 2008-2013 жылдар аралығында «Нұр Отан» ХДП Тараз қаласы филиалының Саяси кеңесінің және Жамбыл облысының саясаткер әйелдері клубы мүшесі, сонымен қатар «Айша» журналының бас редакторы болып қоғамдық жұмыс атқарды. Наурызбекова А.Е. 2010 жылы «Әйелдер ғылымда және саясатта» қоғамдық бірлестігін құрып, ҚР гендерлік саясатын түсіндіру, іске асыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға атсалысты. Гендерлік саясатты дамыту бағытындағы оның басшылығымен жүргізілген жұмыстары «Қанатты әйел-2011» республикалық фестивалінде бірінші орынды иеленді.

А.Е.Наурызбекованың атқарған белсенді қоғамдық жұмысы Жамбыл облысы әкімдігі, Жамбыл облысы жастар саясаты басқармасы, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Құрылыс басқармасы, «Жасыл Ел» облыстық штабы, Жамбыл облыстық соты, Ішкі істер департаменті және басқа көптеген ұйымдардың марапаттары, дипломдары, грамоталары және алғыс хаттарымен дәлелденеді.

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 03:37

ТОЛҚЫНБАЕВ ТЕМІРХАН ӘНӘПИЯҰЛЫ

DSC 6226 (1)М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры міндетін атқарушы техника ғылымдарының докторы, профессор.
Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары Академиясының шетелдік мүшесі, Халықаралық Инженерлік Академия (Мәскеу қаласы), Ұлттық Инженерлік Академия және Ұлттық Жоғары Мектеп Академияларының Академигі.

1984 жылы Жамбыл гидромелиоративтік - құрылыс институтын (қазіргі - М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті) үздік белгімен бітірген. Мамандығы инженер –құрылысшы.

2005 жылы Қазақ – Америка еркін университетін бітірген. Мамандығы- заңгер.

Институтты бітіргең соң еңбек жолын Қызылорда облысындаы Түркістан совхозының құрылыс цехында жұмысшы болып бастады.

1985-2000 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік–құрылыс институтында (М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде) кіші ғылыми қызметкер,ассистент, аға оқытушы, доцент,деканның орынбасары, факультет деканы.,профессор болып қызмет атқарды.

1987-1991 жылдары В.В. Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының ізденуші – оқытушысы, күндізгі бөлім аспиранты болып саналды.

1992 жылғы наурызда В.В. Куйбышева атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының арнайы Кеңесінде техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

1997-1999 жылдары Мәскеу Мемлекеттік Құрылыс Университетінің докторлық диссертациясын аяқтау үшін ғылыми тағылымдамадан ( докторантура) өтті.

1999 жылы 2 шілдеде мерзімінен бұрын (38 жасында) Томск Мемлекеттік Сәулет - Құрылыс Университетінде техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

2000-2001 жылдары Қазақ Мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында профессор, кафедра меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2001-2004 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің құрылыс-сәулет институты директоры лауазымын атқарды.

2004-2007 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Жетісу институты жанындағы білікті жетілдіру институтының директоры болып қызмет атқарды.

2008-2014 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы және қосымша Ректордың кеңесшісі болып қызмет атқарды.

2014-2016 жылдары «Астана» Университетнің проректоры,бірінші проректоры, Ректоры болып қызмет атқарды.

2016-2019 жылдары «Тұран-Астана» Университетінің ғылым жұмыстары және халықаралық байланыстар,стратегиялық даму, ғылым және инновация жөніндегі проректоры болып қызмет атқарды.

2019 жылғы 26 тамыздан бастап бүгінге дейін М.Х. Дулати« атындағы Тараз мемлекеттік университеті Ректорының кеңесшісі болып қызмет атқаруда.

2020 жылғы 01 ақпаннан бастап М.Х. Дулати« атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры міндетін атқарушы болып қызмет атқаруда.

Профессор Т.Ә. Толқынбаев құрылыс саласындағы белгілі ғалым. Оның тікелей қатысуымен қыскы жағдайдағы біртұтас ғимараттар тұрғызудағы бетон жұмыстарының сапасын бақылау және оның технологиясын жетілдірудің ғылыми бағдары құрастырылған. Тікелей жетекшілігімен 3 докторлық, 5 кандидаттық және 18 магистрлік диссертациялар даярланған.

Профессор Т.Ә. Толқынбаев 300-ден астам ғылыми және оқу- әдістемелік еңбектердің авторы. Оның ішінде 2 монография Мәскеу қаласында жарық көрген. 3 монография, 2 оқулық және 22 оқу құралы жарияланған. 6 жаңалыққа алдын-ала патент алған.

Т.Ә.Толқынбаев Шығыс Қазақстан және Алматы областары әкімдігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сараптау кеңесініңмүшесі, Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰҮ докторлық диссертация қорғау кеңесініңмүшесі болып қызмет атқарды.

Т.Ә.Толқынбаев сәулет-құрылыс және дизайнлерлік мамандықтар бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің докторлық диссертация қорғау кеңесінің(Челябі қ.),«Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің хабаршысы» журналының редколлегия,ҚР БҒМ « Ізденіс» халықаралық ғылыми журналының мүшелері болып табылады.

ҚР БжҒ Министрлігі «Ғылымды дамытуда атқарған еңбегі үшін», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төс белгілерімен, Астана қаласы Әкімі және Сарыарқа ауданы «Нұр Отан» филиаалының Алғыс хаттарымен және Туризм индустриясы комитеті төрайымының және ЕҰҮ Ректорының Құрмет Грамоталарымен марапатталған.«2009 жылғы ЖОО- үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері. «Қазақстанның құрметті құрылысшы» төс белгісінің иегері. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Отбасылы.Зайыбы- Байхожаева Бахыткүл Ұзаққызы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰҮ кафедра меңгерушісі. Екі қыздың әкесі.

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 03:35

МҰСАЕВ САБЫРЖАН АЛТЫНБАЙҰЛЫ

mysaevМ.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректор, техника ғылымдарының кандидаты.

Мұсаев Сабыржан Алтынбайұлы 1967 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданының Құлан ауылында дүниеге келді. 1991 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын гидромелиорация жұмыстарын механикаландыру және 2010 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1983 жылы Луговой ауданының «Восток» колхозының ветеринарлық санитарынан бастады.

Ауғаныстан Республикасында 1985 жылдың қарашасынан 1987 жылдың желтоқсан айына дейін шектелген әскери контингент қызметі құрамында болған уақытта үш жауынгерлік төсбелгімен марапатталған. Ауған соғысының ардагері.

Жоғары жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен іскерлігімен ерекшеленіп 1990-1995 жылдары Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының /қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті / студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.

Кәсіби шеберлігі мен тәжірибесі ескеріліп 1995-1998 жылдары Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарды. 1998-2000 жылдар аралығында аспирантурада оқыды. 25.00.36 - «Геоэкология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2001 жылы Дулати университеті күзет қызметінің бастығының орынбасары, 2008 жылы күзет қызметінің бастығы қызметтерінде жұмыс істеп, 19.08.2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректордың қызметін абыроймен атқаруда.

Мемлекетіміздің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «От благодарного афганского народа», «70 лет Вооруженным Силам», «Ветерану войны в Афганистане» медальдарымен, КСРО Жоғарғы Кеңес Президиуымының Грамотасымен, «За активную работу в студ.отряде» және «Участнику ликвидации последствий землетрясения в Восточно-Казахстанской области» ЦК ВЛКСМ белгілерімен марапатталды.

423 бет. Барлығы: 455
Top