
Super User
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ХИМИЯДАН УНИВЕРСИТЕТ ІШІЛІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ
2021 жылдың 25 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Химия және химиялық технология" кафедрасында "6В05314-Химия", "6В07115-Химиялық инженерия және процестер", "5В060600-Химия", "5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламалары студенттеріне арналған химиядан университет ішілік пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты жастардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру және студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру болып табылады. «Химия және химиялық технология» кафедрасында пәндік студенттік олимпиада жыл сайын өткізіледі және осы жылы олимпиадаға 1-3 курс студенттері қатысты. Олимпиада 2 турда өтті. Бірінші турда қатысушылар "Жалпы химия", "Химия", "Бейорганикалық химия", "Аналитикалық химия" курстары бойынша тестілеуден өтті. Екінші турда студенттер жас ұрпақтың ғылыми қызметін жақсартуға бағытталған күрделілігі әртүрлі есептерді шешті. Жұмыстарды комиссия төрағасы Р.Б. Жарлықапованың басшылығымен қазылар алқасының құзыретті мүшелері Калмаханова М.С, Мадимарова Г.Б тексерді.
УНИВЕРСИТЕТСКАЯ ПРЕДМЕТНАЯ ОЛИМПИАДА ПО ХИМИИ ДЛЯ СТУДЕНТОВ
25 февраля 2021 года на кафедре «Химия и химическая технология» Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати состоялась университетская предметная олимпиада по химии для студентов образовательных программ «6В05314-Химия», «6В07115-Химическая инженерия и процессы», «5В060600-Химия», «5В072000-Химическая технология неорганических веществ», которая представляет собой систему очных соревнований студентов. Основной миссией олимпиады служит формирование творческого мышления у молодежи и стимулирование научно-исследовательской деятельности студентов. На кафедре «Химия и химическая технология» предметная студенческая олимпиада проводится ежегодно и в этом году на олимпиаде приняли участие студенты 1-3 курсов. Олимпиада проходила в 2 тура. В первом туре участники проходили тестирование по курсам «Общая химия», «Химия», «Неорганичсекая химия», «Аналитическая химия». Во втором туре студенты решали задачи разной сложности, направленные на улучшение научной деятельности студентов. Работы были проверены компетентными членами жюри Калмахановой М.С., Мадимароввой Г.Б, во главе предсетателя комиссии Р.Б.Жарлыкаповой.
«ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН ЖҮРЕК» ТАҚЫРЫБЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ӨТТІ
«Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді.
Ашық интеллектуалды сабақтың мақсаты:
- студенттерді ұлы ақынның өмірлік және шығармашылық жолымен, соғыс жылдарындағы импровизация-өлеңдердің тақырыбы мен идеялық мазмұнымен таныстыру;
- Ж. Жабаевтың өмірі мен қызметі мысалында студенттердің патриоттық, ар-намыс, адамгершілік сезімдерін, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу;
- қоғамның Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыруды, жыр алыбының баға жетпес ұлттық мұрасы арқылы халықтың рухани деңгейін дамыту.
ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚТАН СЫНҒА ТҮСТІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әскери кафедраның ұйымдастыруымен жауынгерлік даярлық нормативтерін үздік орындау бойынша байқау өтті.
ҚР Әнұранымен басталған шарада Дулати университеті Басқарма төрағасы-ректордың м.а. Ержан Әмірбекұлы мен Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың м.а. Нұрзада Әбдібекқызы құттықтау сөзін сөйлеп, болашақ сарбаздарға сәттілік тіледі.
Байқау өткізуге жауапты запастағы подполковник Ж.П.Наурызбаев әскери кафедра басқарушысының орынбасары, запастағы подполковник М.Ф.Әлібековке студенттердің байқауды өткізу дайындығы туралы баяндады.
Әскери кафедра студенттері АК-74 Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру, әскери қорғаныс жиынтығын және газтұмылдырықты кию, Макаров ПМ тапаншасын электронды лазерлік тирде ату және белтемірге тартылу бойынша сынға түсті.
Жауынгерлік даярлық нормативтерін орындаудың әрбір түрі бойынша I, II, және III орын алған студенттер грамоталармен марапатталды.
Медиа-қызмет
ҰТЫМДЫ ОЙДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Жастар арасында мемлекет пен отбасы деген ұғымды терең түрде насихаттау мақсатында университет белсенді студенттерінің арасында пікірталас сайысы өтті.
Пікірталасқа Қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенті Бектас Саурамбаев және Информатика мамандығының 3-курс студенті Нұрдәулет Ескермес, Экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті Бекзат Жұмашов пен Мәдениет және өнер кафедрасының 2-курс студенті Алима Қалисаева қатысты.
«Қоғам мүддесіне қарағанда – отбасы мүддесін жоғары қояды» тақырыбында өткен пікірсайыста "Еркін ойлар алаңы" интеллектуалды пікірсайыс клубының аға буыны, филология мамандығының 4-курс студенті Бақдәулет Бақбергенұлы төрешілік етті.
Пікірсайыс клубының ережесі бойынша алдымен фракциялар реттік санын анықтап алды. Бірінші болып пікірсайысқа түсетін «Бектас және Нұрдәулет» фракциясы үкімет, «Бекзат және Алима» фракциясы оппозиция ретінде ой таластырды. «Қоғамда орын алатын жағымсыз құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті ерте жастан бастап, жемқорлыққа қарсы күресті ата-ана үйретуі тиіс. Бірінші отбасыны тәрбиелемей, мемлекетті түзей алмаймыз» деген қатысушылар ойларын ұтымды жеткізе алды.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша үздік ой-пікірлері мен жауаптарының нәтижесінде «Бектас және Нұрдәулет» жеңіске жетті.
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айбек Қанатұлы «Жастар арасында отанға, отбасыға деген мәдениет қалыстастыруда осындай шаралар өткізу тиімді, студенттер ізденеді, осылайша олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасады және тәрбие деген ұғымның отбасыдан бастау алып, қоғамдық деңгейге көтерілетінін түсіне алады»-деді.
Жеңімпаздар арнайы кубокпен марапатталды.
Медиа-қызмет
ТӘЛІМІ ТЕРЕҢ КЕЗДЕСУ
Жастар ісі жөніндегі комитет пен Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен Коворкинг орталығында Совет одағының батыры, жерлесіміз Ағаділ Суханбаевты еске алу кеші болып өтті.
Батырдың ерен еңбегін жас ұрпақтың санасына сіңіру, сол арқылы жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткен шараға зиялы қауым өкілдері, оқу орнымыздың оқытушылары мен студенттері қатысты.
Белгілі журналист Тұрсынхан Толқынбайұлы Ағаділ Суханбаев туралы жазған «Жай отындай жарқылдап» кітабын көрермен назарына ұсынды, әрі батырдың ұлы Отан үшін күрескен батырлығы туралы айтса, Молдабаева Ұлдана Еділбайқызы атамыздың пулеметті өз денесімен жапқан ерлігі туралы аңызға толы әңгімелерімен бөлісіп, «Заман сыры» кітабының ерекшелігі туралы тоқталды. Кеш қонақтары профессор, оқу орнымыздың Ардагерлер кеңесінің төрағасы БолатҮсембайұлы, аға оқытушы, подполковник Ұлықбек Жұмабеков, Ардагерлер кенесінің мүшесі Нұржан Жапарұлы қатарлы азаматтар қазақтың біртуар перзенті туралы тәлімі терең әңгімелерімен бөлісті.
Медиа-қызмет
ҰСТАЗДАР ҰТЫМДЫ ОЙЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ
Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Карабюк университеті (Түркия), Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасымен бірлесе ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Педагогикалық білім беру: әлемдік руханият, заманауи трендтер және инновациялық тәжірибе» атты Екінші Халықаралық Педагогикалық Оқулары аралас форматта өтті.
Екінші Халықаралық Педагогикалық Оқуларының ашылуында Дулати университеті Басқарма төрағасы-ректордың м.а. Ержан Әмірбекұлы сөз алды. Былтыр ұйымдастырылған шара биыл жалғасын тапқанын айтып, университет пен мектеп арасындағы байланыстың маңыздылығына тоқталды.
Екінші Халықаралық педагогикалық оқулардың мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау; Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру; білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру; ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім берудің жаңа парадигмалары аясында зияткер тұлғаны қалыптастыру; қашықтан оқыту жағдайындағы заманауи трендерді қарастыру; Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау; педагогтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру; ХХІ ғасырдың сын-қатерлі контексіндегі қашықтықтан оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру; педагог кадрларды дайындаудағы әлемдегі үздік ЖОО инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу.
№44 Шона Смаханұлы атындағы мектеп оқушылары ұстаздар құрметіне қойылым қойып, сырлы өлең жолдарын тарту етті.
Екінші Халықаралық педагогикалық оқулары аясында «Инновациялық педагогикалық өнім-2021» тұсаукесері және «Үздік педагогикалық өнім-2021» байқаулары (онлайн форматта) өткізілді және қатысушылардың 435 жұмысы қаралды.
350 қатысушы өздерінің инновациялық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, үлкен белсенділік танытты.
Екінші Халықаралық педагогикалық оқулар қорытындысы бойынша ҚР Педагогикалық жоғары оқу орындарына, Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасына, «Педагогикалық шеберлік» орталығы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалдары мекемелеріне, Назарбаев Зияткерлік мектептері және жалпы орта білім беретін мектептерге білім сапасын жақсарту, ЖОО мен мектеп арасында мығым байланыс орнату бойынша өзекті ұсынтар жасалды.
Медиа-қызмет
ЖАМБЫЛ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: ДАРАЛЫҚ ПЕН ДАНАЛЫҚ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ұстаз» институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен рухани жаңғыру бағдарламасының аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл шығармашылығы: даралық пен даналық» атты республикалық вебинар өтті.
Жамбыл мұрасының ерекшеліктерін насихаттай келе, ақынның тұлғалық әрі шығармашылық табиғатын айқындай түсуді мақсат еткен республикалық вебинар өз діттеген межесін бағындырды. Ақын болмысындағы даралық пен даналық атты қос ұғымның мәнін ашып, Жамбыл шығармашылығындағы ұлттық тәрбиені, рухани қоректі анықтап, ұғынуға сеп болды. Мерейтой қарсаңында өткен игілікті шараның өтуіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы мұрындық болды. Вебинар барысында жыр алыбы, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаев туралы кафедра меңгерушісі санаға сәуле себер тың деректермен бөлісті. Жыр дарабозының даңғыл болмысы турасында тарихи тағылымымен бөлісу үшін республика өңірінің түкпір – түкпірінен профессор – оқытушылар қатысып, ойларын ортаға салды.
«Атың Жамбыл болса, көкірегің даңғыл болар. Шырғалаңнан сөз келсе, шырқаушының өзі болар екенсің» деп Бөлтіріктен бата алған Жамбыл турасында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры ф.ғ.д. Үсен Айгүл Әбдімүтәліпқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры ф.ғ.д. Ержанова Сәуле Баймырзақызы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Саламатова Рахат Маханбетжанқызы сөз алып, спикер болды. ХХІ ғасырдың ГОМЕРІ атанған жыл алыбы – Жамбыл ақынның 175 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық вебинар барысында «Dulati» университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау» мамандығының 1 – курс магистранттары Нұртай Айдана Қанатқызы мен Асылдин Алия Ерланқызы Жамбылдың даралығы мен даналығы турасында өз көзқарасын білдірді.
Алаш үшін жақұттан да қымбат, шығармашылығының шоқтығы саф Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына «Еуразия гуманитарлық институтының» профессор – оқытушылары Карипжанова Гульназ Токеновна, Абикенов Мукит Токенович,Жусупова Гульназ Куандыковна,Фейсбукке жазамыз, Искакова Жазира Максутовна, Аскарова Алтынай Шауалиевна, Райнбекова Гульмира Сайлаубаевна қатысты.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ПОҚ, магистранттар мен студенттердің қатысуымен өткен республикалық вебинар барысы сан қырлы ақын болмысының құпия сырларын ашумен өрбіді. Сыр мен сұхбатқа ұласып әрі ақын өлеңдері оқылып өткен шара қатысушылар үшін рухани азық болғандығы сөзсіз. Нәтижесінде, республикалық вебинардың әуелдегі мақсаты өз мәресіне жетті деуге толық негіз бар.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы