Super User
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
2022 жылдың 14-қыркүйекте 2.5-205 оқу ғимаратында «Ақпараттық технология» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы және «Ақпараттық технология» факультетінің деканы Мұратова Гауһар Имашқызы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты - студент жастардың қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау және алдын-алу жұмыстары болып табылады. Сонымен қатар, Дінтану орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Алпысбаев Б.Қ. дінтанушы маман ретінде қоғамдағы діни жағдайды ескере отырып, студенттерге университеттің ішкі тәртіп Ережесін сақтауға, деструктивті діни идеологияны насихаттайтын діни уағыздарды тыңдамауға және интернет желісінде күмәнді діни парақшаларға тіркелмеуге шақырды. Қоғамдағы деструктивті діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастыру үшін студенттердің діни сауаттылығы жоғары болу қажеттілігін атап өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға құқықтық және дінтанулық бағытта жауаптар берілді.
ДІН ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ НЕГІЗІ
Әлемдік өркениетке өз үлесін қосқан ата-бабаларымыздың болмысы, мінез-құлқы, ұлттық ұстанымы терең мағынаға ие болды. Қазақ халқының бай мәдениетінің шеңберінде ғасырлар бойы мән-мағынасы мол дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жеткізілді. Әрбір ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын нәрсе ол тілі мен мәдениеті және осылардың негізі болып табылатын діні. Қазақ халқының мәдени құндылықтары, сан ғасырлардан бері сақталып келе жатқан этнографиялық мұрасының негізі Ислам дінінде болған десек, еш қателеспейміз. Этнограф-ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбек мәдениетіміздегі ислам дінінің орны туралы: «Ислам діні тек қана наным-сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, мәдени-рухани үрдістеріне, дәстүріне айналып отыр» деп айтқан болатын.
Как избежать публикации в хищных журналах?
Как избежать публикации в хищных журналах?
Тест для определения журнала хищника
МК хищник тест позволяет определить вероятность попадания научного журнала в список "хищнических" изданий на основе оценки веб-сайта журнала и данных из открытых источников.
Надо отметить, что индексирование в научных базах и высокий процентиль не гарантия того, что журнал следует этике научных публикаций. Поэтому лучше провести предварительную оценку используя этот инструмент. Имейте в виду, что результат будет зависит от достоверности ваших ответов на вопросы теста.
Тест анонимный и мы не собираем данных о лицах использующих данный инструмент.
Желаем удачи и продуктивной исследовательской деятельности.
©Авторы: Молдашев Кайрат, Кенесов Булат
Жыртқыш журналдар туралы
Жыртқыш журналдарда жарияланудан қалай сақтануға болады?
Ықтимал жыртқыш басылымдарда жарияланбау үшін ғылыми журналдың сапасын бағалауға арналған тест.
MK Жыртқыш тесті журналдың веб-сайты мен ашық дереккөздерден алынған мәліметтерді бағалау негізінде ғылыми журналдың «жыртқыш» жарияланымдар тізіміне ену ықтималдығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ғылыми деректер қорындағы индекстелу және жоғары процентиль көрсеткіші журналдың ғылыми жарияланымдар этикасын сақтайтынына кепілдік бермейтінін айта кету керек. Сондықтан бұл құралды пайдаланып журналға алдын ала бағалау жүргізген дұрыс. Есте сақтаңыз: нәтиже тест сұрақтарына берген жауаптарыңыздың дұрыстығына байланысты болады.
Сынақ анонимді болып табылады және біз бұл құралды пайдаланушылар туралы деректерді жинамаймыз.
Сізге сәттілік пен нәтижелі ғылыми жұмыстар тілейміз.
©Авторлары: Молдашев Кайрат, Кенесов Булат
Открытие бюста Герою Советского Союза Саду Шакирову
10 сентября 2022 года студенты военной кафедры приняли участие в торжественной церемонии открытия бюста Герою Советского Союза Саду Шакирову.
Бюст открыли в селе имени С. Шакирова Таласского района.
Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіровтің бюстінің ашылу рәсімі
2022 жылдың 10 қыркүйегінде әскери кафедра студенттері Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіров бюстінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Бюст Талас ауданының Сәду Шәкіров атындағы ауылында ашылды.
Талапкерден студентке дейін...
1-курстарды бейімдеу апталығы жүріп жатыр
Қыркүйектің алғашқы екі аптасы жалпы білім алушылар үшін өзгеше бір кезең екені анық. Жазғы демалыстан кейін жоғары курстардың өзі сабаққа қайта оралғанда, бірден білім алу процесінің екпініне ілесе алмай жатады. Ал 1-курс студенттері үшін университет аудиториясына үйрену жеңіл емес.
Сондықтан университетте бастапқы кезеңде студенттерді бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Жоба аясында кешегі талапкерлерге университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырылады.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бейімдеу апталығы оқу орнының бас ғимаратындағы музейге экскурциядан басталды. Барлық 1-курс студенттері үшін арнайы кесте жасалған. Кураторлардың жетекшілігімен әр топ белгіленген кесте бойынша университеттің ең басты мәдени-тарихи ошағына келіп, білім ордасының тарихымен танысуда.
– 1-курс студенттерге музейдің негізгі бес залын таныстырамыз. Жастар ойшыл, тарихшы М.Х.Дулатиге арналған залдағы құнды деректерге қызығушылық танытуда. 1999 жылы біздің білікті профессорлар мен ғалымдар бастаған делегация Үндістанның Кашмир штатындағы Сринагар қаласындағы бабамыз жатқан жеріне барып, жамбасы тиген жерден бір уыс топырақ әкелген болатын. Ол қазір музейдің ең құнды жәдігері ретінде сақтаулы тұр. Үнді жерінен әкелген сыйлық кітаптар мен бейнетаспалар да бар, – дейді университет музейінің меңгерушісі Ақсәуле Қалабаева.








ОРИЕНТАЦИОННАЯ НЕДЕЛЯ ДЛЯ ПЕРВОКУРСНИКОВ
Традиционно для первокурсников университет организует ОРИЕНТАЦИОННУЮ НЕДЕЛЮ. В этом году она прошла в особенном формате.
С 24 августа прошли прямые эфиры деканов всех факультетов. Прошли открытые лекции директора Библиотечно-информационного центра, помощника ректора по делам молодежи.
В течение первой учебной недели деканы, заместители деканов и руководители структурных подразделений провели ряд занятий, включающих вопросы академической политики вуза и неукоснительного соблюдения принципов академической честности; прошли встречи с эдвайзерами, проведены экскурсии по кампусам.
Первокурсники приняли участие в лекциях по разъяснению государственных программ на официальных каналах вуза в соцсетях, прошли обучение по работе на платформе LMS вуза, прошли тестирование на определение языкового уровня.








2022 жылғы 1 қыркүйектегі Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша конференция
2022 жылдың 8 қыркүйегінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының студенттері Тараз қаласының Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының «Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы» тақырыбында өткен конференцияға қатысты.
Конференция по разъяснению Послания Президента народу Казахстана от 1 сентября 2022 года
8 сентября 2022 года студенты военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати приняли участие в конференции проведенной управлением командующего войсками Регионального командование «Юг» на тему «Послание Президента народу Казахстана» в городском доме культуры имени Ыкыласа Дукенулы города Тараз.
