Өңірдегі ғылым мен бизнесті интеграциялау мүмкіндіктері туралы форум өтті

2023 жылдың 2-3 қарашасында Дулати университетінде ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша «Жамбыл облысындағы ғылым мен кәсіпкерлікті интеграциялау мүмкіндіктері» атты форум ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты – гранттық қаржыландыру аясында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын университет ғалымдары мен Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен бірлесіп жүзеге асыруға ықпал ету.

Іс-шара ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ-ның инвестициялар және жаңа жобалар бойынша департаментінің директоры –   Омаров К.К. және осы департаменттің бас менеджері –   Вяткина Ю.А. қатысуты.

Жобаларды іріктеу әлеуетті іскер серіктес/ инвестор үшін жобаны әзірлеу және «келбетін келтіру» мақсатында «Ғылым қоры» АҚ коммерцияландыруға дайын аяқталған ғылыми әзірлемелерді презентация жасайтын, онлайн-питч механизмі арқылы жүзеге асырылады.

Сондай ақ, «Ғылым қоры» АҚ ғылыми әзірлеменің коммерциялық құндылығын ұсынуға және жеткізуге, сондай-ақ әлеуетті іскер-серіктестермен жобаны бірлесіп қаржыландыруға және ыңтымақтасу келісіміне келу мүмкіндік беретін «Технологияларды коммерцияландыру реакторын» өткізді.

2022 және 2023 жылдары өткізілген «Технологияларды коммерцияландыру реакторлары» нәтижелері бойынша 63 ғылыми жобаның 31-і бірлескен коммерцияландыру үшін бизнес серіктестерін тапты және коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін бірлескен қаржыландыруды тартты.

Ағымдағы жылдың 31 қазанында ҚР ҒЖБМ «Ғылым қоры» атынан Satbayev University және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен -Tech Garden бірлесіп жер қойнауын пайдалану саласындағы «Технологияларды коммерцияландыру реакторын» Satbayev University базасында өткізді.

Атап айтатын болсақ, биыл Коммерцияландыру бөлімінің бастығы С.Ө. Бектұрғанованың ұйымдастыруымен алғаш рет жер қойнауын пайдалану саласындағы «Технологияларды коммерцияландыру реакторына» Dulaty University-і   ғалымдарының 3 ғылыми әзірлемесі жобалар іріктеу бойынша Онлайн -питчіне өтті:

  1. «Фосфор өндірісінің өндірістік қалдықтары негізінде жаңа биомелиорант өндіру» жобасы. Жоба жетекшісі: Тұрсынбаев Х.И.
  2. «Суды қайта пайдалану мақсатында тазартуға арналған белсендірілген көмір негізіндегі сүзгі жүйелері» жобасы Жоба жетекшісі: Қалмаханова М.С.
  3. «Баритты бетон өндірісі» жобасы Жоба жетікшісі: Садиева Х.Р.

Соның ішінде Тұрсынбаев Х.И «Фосфор өндірісінің өндірістік қалдықтары негізінде жаңа биомелиорант өндіру» жобасы жер қойнауын пайдалану саласындағы «Технологияларды коммерцияландыру реакторына» финалына өтіп сертификат алды.

Коммерциаландыру бөлімі «2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына» ғалымдарының жобаларының қатысу әлеуетін арттыру үшін Ішкі конкурс өткізді.

Бүгін осы ішкі конкурсқа қатысқан ғалымдардың ғылыми әзірлемелерінің Омаров К.К. және Вяткина Ю.А. қатысуымен Оффлайн – питч өтті.

WhatsApp Image 2023 11 02 at 15.10.04 1

WhatsApp Image 2023 11 02 at 15.10.04 2

WhatsApp Image 2023 11 02 at 15.10.04 3

WhatsApp Image 2023 11 02 at 15.10.04 4

WhatsApp Image 2023 11 02 at 15.10.04 5

WhatsApp Image 2023 11 02 at 15.10.04 6

WhatsApp Image 2023 11 02 at 15.10.04 7

WhatsApp Image 2023 11 02 at 15.10.04 8

Прочитано 812 раз
Top