Университет ректорының есептік кездесуі өтті

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов жылдық атқарылған жұмыстар бойынша есептік кездесу өткізді.

Шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде Мұхтар Қазбекұлы білім, ғылым, академиялық ұтқырлық, ынтымақтастық қарым-қатынас, халықаралық байланыс бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде кеңінен тарқатып айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар жөнінде де хабар беріп, жоспармен бөлісті.

Кездесу жылдағыдан өзгеше еркін форматта өтті. Ректор атқарылған жұмыстармен қоса өзекті мәселелерді де көтеріп, слайд арқылы сандарды сөйлете отырып ұғынықты түсіндіріп берді.

Ең алдымен студенттер, магистранттар мен докторанттардың контингенті мен кадрлық мәселелер бойынша кемшіліктерді тізіп көрсетті. Өткен оқу жылының көрсеткіші бойынша магистранттардың контингенті 3,1%, докторанттар үлесі 0,25% құраған. Докторлар мен жас ғалымдардың деңгейі 0,3% төмендеген. Оқу орны қалыпты даму үшін бұл көрсеткіш 10 % құрау керек. Оқытушылардың орта жасы 55 жасты құрайды. Бұл кадрлық потенциалдың төмендегенін көрсетеді. Материалдық-техникалық базаны жаңарту, толықтыру аса қиын емес, ал бір профессорды даярлап шығу үшін 10-15 жыл уақыт кетеді.

Жалпы контингенттің төмендеуінің бірнеше себептері қарастырылып, шешу жолдары да ұсынылды.

2023 оқу жылында ҰБТ-да орташа балл 78 болды. Өткен жылдармен салыстырғанда көрсеткіш жоғарылады. Оқу үлгерімі жақсы студенттен білікті маман даярлап шығу ықтималдылығы жоғары. Осы орайда профориентация жұмыстарын қарқынды жүргізіп, үздік түлектерді университетке тартуымыз керек.

Жыл сайын мектеп бітіруші түлектер санының артуына байланысты студенттер қатары да артатын болады. Осыған орай университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетін көтеріп, жаңа талапқа сай оқу бағдарламаларын жасап, сұранысқа ие маман даярлау бойынша жұмыстар жүргізу көзделуде. Білімнің қолжетімділігін кеңейту мақсатында мемлекеттік грант саны артады, онлайн-оқыту жүйесі іске қосылады. Оқу ақысын төлеуге 2-3% жеңілдетілген несие беру жүзеге асады.

Профессор-оқытушыларды ынталандыру, талантты жастарды магистратура, докторантураға оқуға даярлау, жас ғалымдарға постдокторлық стипендия тағайындау, университетте біліктілікті көтеру институтын ашу арқылы университеттің ғылыми-педагогикалық потенциалын көтеру көзделген.

Білім беру бағдарламаларын талапқа сәйкестігін жете қарап, мазмұнын жаңартып, бәсекеге қабілеттілігі арттырылды.

Су шаруашылығы саласының материалдық жағдайын жақсартып, кадр мәселесін шешу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Білім беру бағдарламалары (БББ) халықаралық деңгейге сәйкестендіріп, қосдипломды БББ қолға алынды.

Су шаруашылығы саласы үшін кадрларды даярлау және бірлескен зерттеулер жүргізу сапасын арттыру үшін консорциалдық келісім жобасы әзірленіп, ұйымдармен мақұлдануда. (13 мекемемен жасалынған меморандум).

​2023 жылы «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен» бірлесіп

6B07302 - Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар

6B07301 - Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру

6B08612 - Мелиорация және суғармалы егіншілік

6В08615 - Су ресурстарын басқару білім беру бағдарламалары әзірленді.

Казфосфат ЖШС және Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетімен бірлесіп, химия өнеркәсібі үшін маман даярлауды жандандыру негізінде келісімдер жасалды. Келісімшарт аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Университет базасында «Менделеев сыныптары» ашылды, 2024-2025 жылдары РХТУ-дің филиалы ашылады деп жоспарлануда.

Білім алушылардың бизнес-идеялары мен стартап жобаларын қаржыландыруға жыл сайын қаражат бөлінеді. Жобаларды гранттық қаржыландыру аясында ғалымдар 80-нен астам жобаны жариялады. Жалпы 497,9 млн. теңгеден асатын 5 жобаны жеңіп алды. Дулати университетінде 17 ғылыми-зерттеу жоба жүзеге асуда.

Сонымен қатар 3 халықаралық жоба сәтті жүзеге асырылуда:

  1. Erasmus+ халықаралық бағдарламасы бойынша,
  2. Небраска университетімен (АҚШ),
  3. Стерлинг университетімен (Ұлыбритания).

Университетте 3 диссертациялық кеңес құрылды.

Ағымдағы жылдың маусым айында Дулати университеті QS World University Ranking әлемдегі ең үздік университеттер тізіміне (1201-1400 орнымен) енді.

2022-2023 оқу жылы бойынша Дулати университетінің 71 студенті Германия, Польша, Испания, Малайзия, Болгария, Португалия, Италия, Оңтүстік Корея, Түркия сияқты Еуропа елдерінде білім алды.

Алдағы мақсат еңбек нарығының сұраныстарына сай оқу орны ретінде дамыту, түлектерді қоғамға қызмет етуге даярлау, заманауи инфрақұрылымды құру және дамыту. Жоғары оқу орнын ғылыми зерттеулер мен инновацияларды коммерцияландыру көшбасшысы ретінде алға жылжыту.

Мұхтар Қазбекұлы өз есебінде тәрбие жұмыстары, спорттағы жетістіктерге де тоқталды. Сонымен қатар, университетте жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жайлы да ақпаратпен бөлісті. Гидрокешеннің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 40 млн 320 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқу ғимаратын жылыту үшін газ қазандықтарын орналастыру қолға алынбақ. Құны 9 млн 392 мың болатын газ құбырын тарту жүзеге асырылады.

Ректор есебінен кейін студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы сауалдарын қойды, ардагер ұстаздар университет ұжымы жұмысына сәттілік тілеп, ізгі тілектерін білдірді.

WhatsApp Image 2023 11 02 at 10.51.36

WhatsApp Image 2023 11 02 at 10.51.36 1

WhatsApp Image 2023 11 02 at 10.51.36 2

WhatsApp Image 2023 11 02 at 10.51.36 3

WhatsApp Image 2023 11 02 at 10.51.36 4

Прочитано 812 раз
Top