500 ғалымға арналған ғылыми тағлымдама

Құрметті ғылым саласындағы оқытушылар мен қызметкерлер!

Ғылыми бағыттағы зерттеулеріңіздің барлық қаржылай шығындары республикалық бюджет есебінен төленетін, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ұздік тәжірибелермен алмасу    мүмкіндіктері қолдау тапқан 500 ғылыми тағламдамаға қатысуға шақырамыз!

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, магистр ғылыми дәрежесінің болуы;
2) заңды тұлғалар болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері бойынша таңдалған ғылыми зерттеу мамандығы бойынша соңғы 12 (он екі) айдағы үздіксіз нақты жұмыс тәжірибесі;

3) жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерге сәйкес өтініш берушіні ғылыми тағылымдамадан өтуге қабылдайтын, Тізбеге енгізілген шетелдік ұйымның сөзсіз шақыруының (қаржылық шарттарды қоспағанда) болуы;

4) жұмыс органы белгілеген талаптарға сәйкес деңгейде мемлекеттік және шет тілдерін білуі; 

5) Шетелдік және отандық басылымдарда  ғылыми мақалалардың болуы.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • анкетасы; 
  • өтінімі; 
  • паспорты мен жеке куәлігінің түпнұсқалары және көшірмелері;
  • ғылым дәрежесі туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білімі туралы құжатты тану куәлігін не "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп білімі туралы құжатты тану жөніндегі өзге құжат;
  • Ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді;
  • мемлекеттік тіл сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
  • шет тілі сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
  • медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
  • шетелдік ұйымның шартсыз шақыр хат;
  • Шетелдік және отандық басылымдарда ғылыми мақалалар тізімі;
  • үміткер құжаттарын өзі тапсыра алмаған жағдайда өкілге нотариат куәландырған сенімхат.

Қосымша сұрақтарға жауапты халықаралық ынтымақтастық орталығынан біле аласыздар. Сүлейменов көшесі, 7 (бас ғимарат), 301 кабинет

Халықаралық ынтымақтастық орталығы

Прочитано 1427 раз
Top