АРНАУЛЫ ЕМТИХАНДАР БАСТАЛДЫ

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсушілер!

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсу үшін тапсырылатын арнаулы емтихандар (психометриялық тестілеу) басталды. Бұл емтихандар жоғары оқу орындарында өткізіледі. Қатысу сұрақтары бойынша қабылдау комиссияларына хабарласу керек.

Әрбір жоо емтихан тапсыру мерзімін дербес айқындайды.
Грант конкурсына қатысу үшін емтиханды 13 шілдеге дейін,
Ақылы оқуға түсу үшін 20 тамызға дейін тапсыру керек.

Емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайн өткізіледі.
Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
Нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.

Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнаулы емтихан ТАПСЫРУ ОРНЫНА ҚАРАМАСТАН жоо-ға ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді беріледі.

Шығармашылық емтихандар туралы

Шығармашылық емтихандарды өткізу бағдарламалары

Шығармашылық кестелерді бекіту туралы бұйрық

Шығармашылық емтихандардың консультация кестесі

Шығармашылық емтихандарды өткізу кестесі

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан кестесі

Әңгімелесуді өткізу кестесі

Прочитано 620 раз
Top