ТарМУ ТАРИХЫ. 1962 ЖЫЛ.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың құрылуына негіз болған жоғары оқу орнының бірі – кезінде Кеңестер Одағына танымал ЖАМБЫЛ ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК-ҚҰРЫЛЫС ИНСТИТУТЫ.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институт 1962 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде ашылды. Институт өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, гидромелиорация, гидротехникалық құрылымдар және су электр стансалары құрылысы, сумен қамтамасыз ету және канализация мамандықтары, күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша мамандар дайындады.

Институттың алғашқы ректоры техника ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген гидротехник РАХМЕТ ЖАНҒАЗЫҰЛЫ ЖОЛАЕВ болды. Гидротехника ғылымы саласында белгілі ғалым Рахмет Жанғазыұлы өзі іргетасын қалаған жоғары оқу орнын 1973 жылға дейін жемісті басқарды.

Top