Түркиядағы үшінші тренинг

2025 жылдың 14-21 мамыр аралығында Эге университетінде (Измир, Түркия) Tex4future Эразмус+ жобасы аясында оқытушылардың кәсіби тренингі жалғасын тапты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті атынан тренингке жобаның жергілікті үйлестірушісі, "Текстиль, материалтану және стандартизация" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Г.Б. Джумабекова, қауымдастырылған профессор м.а. Ташмухамедов Ф.Р., оқытушы А.К. Байдильдаева, "Дизайн және сән индустриясы" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. У.С. Келесова қатысты.

Тренинг барысында профессор Аслы Демир келесі маңызды мәселелер бойынша дәріс өткізді: "Текстиль өндірісіндегі заманауи әрлеу технологиялары", "Текстиль материалдарының химиялық және физикалық қасиеттерін зерттеу әдістеріне шолу", "Жаңа материалдардың табиғи және жасанды талшықтарының құрамы мен құрылы мерекшіліктеріне сипаттама".

Жоба қатысушылары Эге университетінің ғылыми лабораториялық кешінінде профессор Октай Памук пен Мехмет Кучук басшылығымен эксперименттік сынақтар жасады. Келесі тесттер жүргізілді: материалдардың үзілу кезіндегі күші, үйкеліске қарсылық, пилинг, ауа өткізгіштік, бояу тұрақтылығы, жарыққа төзімділік, химиялық жууға төзімділік және т.б.

Тренинг соңында жоба қатысушыларына біліктілікті жоғарылату туралы сертификаттар табысталды.

ушыншы тенинг111111111

ушыншы тпенинг333333333

 

 

Top