Георге Асаки атындағы ссы техникалық университетінің (Яссы, Румыния) профессоры Люминита Чабао WP2 «Әлеуетті арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу» жұмыс пакеті бойынша баяндамасын ұсынды.
Өзбекстан мен Қазақстанның серіктес университеттері «Орталықтарды құрал-жабдықтармен жабдықтау» WP3 жұмыс пакеті бойынша орталықтардың материалдық-техникалық жарақталуы туралы ақпарат берді.
Жобаның бас үйлестірушісі профессор Н. Билалис оқу орталықтарын қалыптастыру, орталықтың бизнес-жоспарын әзірлеу, оқу орталығын пилоттық түрде іске қосу, Өзбекстан мен Қазақстан университеттері арасында меморандумға қол қою сияқты келешегі зор міндеттерге тоқталды.
Сондай-ақ отырыста Крит техникалық университеті және Батыс Аттика университеті «Алынған білімді Өзбекстан мен Қазақстанда тәжірибеде қолдану» WP4 жұмыс пакеті бойынша баяндамалары ұсынылды. Студенттер мен сала өкілдері үшін алған білімдерін тәжірибеде енгізу тақырыбы бойынша пікірталас жүргізілді.
WP6 «Жобаның сапасын бақылау және сапаны қамтамасыз ету» жұмыс пакеті шеңберінде CRETHIDEV жобаның сапасы туралы сыртқы сараптама қорытындысын ұсынды.