Тексеру кезінде келесілер анықталды:
- 22 құрылымдық бөлімшенің қызметі қойылатын талаптарға сәйкес келеді:
– 98 құрылымдық бөлімшеде 266 сәйкессіздік актісі ресімделді, тиісті қызметтер басшыларының қолы қойылды, оның ішінде 146 акт елеулі сәйкессіздіктерді, 120 – елеусіз актілерді көрсетеді.
Ішкі аудит аяқталғаннан кейін жабылу жиналысы өткізілді, түзету іс-шараларының жоспарлары жасалды және олар бойынша жұмыс жүргізілді. Анықталған сәйкессіздіктерді түзету үшін оқу және әкімшілік бөлімшелерге 2 аптаға дейін мерзім берілді, ал ғимараттарды жөндеу және жабдықтарды сатып алу, қомақты қаржы бөлу сияқты күрделі мәселелер бойынша, жою үшін ұзағырақ мерзім беріледі.
Барлық анықталған сәйкессіздіктерді жою мен болашақта оларды қайталамауды бақылау мақсатында сәйкессіздіктер журналында тіркеледі. Жүргізілген кешенді ішкі аудиттің нәтижелері Дулати университетінің Ғылыми кеңесінде қаралып талқыланды және тиісті шешімдер шығарылды.