СТУДЕНТТЕРМЕН ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мобильдік жұмыс тобының профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы, Абдрахманова Айгуль Турсынбаевна, Райкулов Қанат Ешенқұлұлы, Исабекова Гүлнұр Болатбековна, университет көмекші бөлімінің медбикесі Асанова Аида Құралбекқызы, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ултанбаев Арнат Бегдалыұлы «Өнер және спорт» факультетінің 1-2 курс студенттеріне құқық бұзушылықтың және нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу, діни экстремизм көріністерін және діни көзқарастарына талдау жасау, сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон режимін сақталуын қадағалау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Саналы ұрпақ» жобалық офисінің жетекшісі Райкулов Қанат студенттерге іс-шараның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп өтті. Е.Қонақбаев атындағы психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының психолог-жетекшісі Абдрахманова Айгуль Турсынбаевна: баланың сана-сезімінің жан-жақты толысып, дүниеге көзқарасының өзгеріп, үлкен өмірге дайындығының аяқталатын кезеңі – жастық шақ. Жастық шақ өтпелі кезеңмен тығыз байланысты. Жасөспірімнің жастық шаққа өтер кезеңі оның өміріне көп өзгерістер әкелері нақ. Сондықтан, жастық шақ өтпелі кезең аталып, кейде ата-аналар мен педагогтар үшін «қиын» баланың қалыптасуына әсер етсе, кейде «қиын» жас деген атауға иеленеді. Жасөспірімдердің алып ұшуына саналатын өтпелі кезеңде не нәрсеге болсын еліктегіш келетінін жан-жақты зерттеген ғалым Т.М.Якобсон, бұл жаста олардың құқық бұзушылыққа тез еріп кететіні ашып берді. Өтпелі кезеңнің «құйын» сияқты өткінші елестерге толы болуы бала өміріне қауіп төндірері де сондықтан. Жасөспірімнің еліктеуінің салдарынан құқық бұзуы, қызығушылығының әсерінен «қылмыс» істеуі көбінесе осы шақта жүзеге асса керек,- деп психологиялық тұрғыдан тоқталып кетті.

image005

«Халықаралық ынтымақтастық» орталығының жетекшісі Исабекова Гүлнұр Болатбековна студенттерге академиялық ұшқырлық бойынша толық мәлімет берді.

Дінтану орталығының маманы Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы, Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудыратынын, діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленетңнңн және радикалды идеялардың дамуының жаңа кезеңінің бастауы экстремистік топтардың үгіт-насихат жұмыстарының киберкеңістікке ауысу үдерісі болып табылатынына тоқталып өтті.

Студенттерде өз сұрақтарын қойып, белсене араласты.

Райкулов Қанат Ешенқұлұлы қорытынды сөз алып, студенттерге тілегін білдірді.

Top