Хабарландыру

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми жұмыстарды орындау үшін бюджет қаражаты есебінен қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларына» сәйкес, 2025 жылдың 18 қарашасынан бастап AP26195231 бағдарламасы аясындағы «Тазарту құрылыстарындағы сарқынды суларды тазарту үшін айналымды адсорбциялық-тотықтыру технологиясы» жобасын іске асыру шеңберінде жекелеген бағыттар бойынша жабдықтарды (құралдарды) сатып алуға бағалық ұсыныстарды (конкурстық бағалық ұсыныстарды) қабылдау басталатындығын хабарлайды.

Бағалық (конкурстық) ұсыныстарды және құрал-жабдықтарға арналған коммерциялық ұсыныстарды (прайс-парақтарды) қабылдаудың соңғы мерзімі — 2025 жылдың 28 қарашасы.

Сатып алынатын тауарларға арналған ресімделген бағалық ұсыныстар (конкурстық бағалық ұсыныстар) мөрленген конвертте келесі мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс:080012, Тараз қ., Сүлейманов көшесі, 13, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті
(2-қабат, №203 кабинет) немесе электрондық түрде келесі электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.,

Материалдардың, жұмыстар мен қызметтердің техникалық сипаттамасы 

Top