ҚҰРМЕТТІ ЖЕТКІЗУШІЛЕР!

  1. М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті 30.06.2025 жылдан бастап "БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ТАУАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАРДЫ ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕГЕ" сәйкес барлық жобалардың және (немесе) бағдарламалардың бағыттары бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ) шеңберінде, гранттық қаржыландыру (ГҚ) шеңберінде, жас ғалымдарға арналған конкурс (ЖҒК) шеңберінде және "Жас Ғалым" конкурсы шеңберінде сатып алынатын тауарларға баға ұсыныстарын (конкурстық баға ұсыныстары) немесе коммерциялық ұсыныстарды қабылдаудың басталғалы туралы хабарлайды;
  2. Сатып алынатын тауарларға баға ұсыныстарын (конкурстық баға ұсыныстарын) немесе коммерциялық ұсыныстарды (прайс-парақтарды) қабылдаудың аяқталу күні 12.07.2025 жыл;
  3. Рәсімделген сатып алынатын тауарларға арналған баға ұсыныстары (конкурстық баға ұсыныстары) немесе коммерциялық ұсыныстар жабық конвертпен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің кеңсесіне қолма-қол тапсырылуы тиіс, мекен-жайы: 080012, Тараз қаласы, Сүлейманов көшесі, 13 (2 қабат, №203 кабинет);
  4. Қабылдау аяқталған күннен кейін жіберілген баға ұсыныстары (конкурстық баға ұсыныстары) немесе коммерциялық ұсыныстар қарастырылмайды.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87775399075

Top