«Ұстаз» институтының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында университеттің комплаенс-қызметі «Ұстаз» институтының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін іс-шара ұйымдастырды. Сондай-ақ жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша өкілі, превенция басқармасының бас маманы А.И. Әжібаев қатысты.

Отырыста «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, комплаенс қызметінің мақсаттары, міндеттері, функциялары, алдағы уақытта азаматтарға салық салуға қатысты мәселелер талқыланды. А.И.Әжібаев сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдағы жоспарлары, осы салада атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Кездесу соңында жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Отырыстың барысы мен нәтижелері тиісті хаттамаға енгізілді

Top