Комплаенс қызметі ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді

13.01.2023 бекітілген жоспар аясында университеттің Комплаенс қызметі ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді. Күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң, университеттің Комплаенс қызметінің функциясы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша басқа да мәселелер талқыланды.

Жиын барысында Университетіміздің Комплаенс қызметінің басшысы Ж.Б.Дидарбеков пен комплаенс қызметкері Ғ.К.Байзақов сөз сөйлеп, Комплаенс қызметінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, мұғалімдердің көкейінде болған сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша өкілі, алдын алу бөлімінің бас маманы А.И. Әжібаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қазіргі талаптарын, енгізілген өзгерістерді, сондай-ақ салық саласындағы өзгерістерді түсіндірді.

Отырыстың барысы мен нәтижелері тиісті хаттамаға енгізілді.

Хаттама

2

4

5

 

Top