Студенттермен кездесу

22.11.2022ж. Дулати университетінің мәжіліс залында университеттің түрлі факультеттерінің студенттерімен кездесу өтті.

Осы жиын аясында Жамбыл облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының және Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері, сонымен қатар университеттің комплаенс қызметінің басшысы Ж.Б.Дидарбеков сөйледі.

Ж.Б.Дидарбеков комплаенс қызметінің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, пара алу фактілері бойынша қызметке қалай хабарласу керектігін нұсқады. Кездесу соңында қатысқан студенттерге ақпараттық буклеттер таратылды.

 1

Top