1. Мемлекеттік тарапынан қаржыландырудың ғылыми-зерттеу жұмыстары:
«Туризм және сервис» кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) «Управление маркетингом санаторно-курортных услуг региона». Ғылыми жетекші : Молдашева А.Б., доцент, э.ғ.к.
2) «Аймақтағы қонақ үй бизнесі кәсіпорындарын басқару стратегиясы». Ғылыми жетекші: Смагулова К.Р., доцент, э.ғ.к.
3) «Қазақстандық мейманхана бизнесінің қазіргі жағдайын және сервистік қызметтерін зерттеу және жетілдіру». Ғылыми жетекші: Орынбаева У.А., доцент, т.ғ.к.
4) «Қазіргі кездегі мейрамханаларды басқарудың инновациялық қызметін жетілдіру». Ғылыми жетекші: Туралина М.Т., доцент, PhD докторы
2. Ғылыми-техникалық жобалардың гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу:
1. «Экологический туризм как фактор приобщения людей к культурно-историческому наследию». Ғылыми жетекші: Научный руководитель Молдашева А.Б., доцент, э.ғ.к.
3. 2018-2020 жж. ҚР БҒМ ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалардың бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру конкурсына қатысу:
1.Развитие сельских территорий: агротуризм. Ғылыми жетекші: Молдашева А.Б., доцент, э.ғ.к.
Ғылыми-іденіс жұмыстарын орындау барысында кафедрада елеулі жетістіктерге қол жеткен. 2010 жылы э.ғ.к., доцент м.а. Молдашева А.Б. ҚР-ң БҒМ ұйымдастырған ««Made in Kazakhstan» инновациялық жобалар байқауына қатысып, «Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік жоба» номинациясына ие болды.
2011 жылы аға оқытушы Тоқабаева Ж.М. жас мамандар мен магистранттардың «Ғылым және қазіргі заман» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-практикалық байқауына қатысып, «Үздік ғылыми мақала» номинациясы бойынша 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Бизнестің Жол картасы -2020» Бағдарламасы аясында Молдашева А.Б., «Маркетингтік қызмет көрсетулер» лотына кеңесші, «Бизнес-Кеңесшілер», «Жас кәсіпкер мектебіне» лектор ретінде қатысты.
Кафедраның біраз оқытушылары Қазақстан Республикасының Президенті стипендияларына ие болды, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде мамандықтарын шыңдады. Мысалы, Молдашева А.Б. Корфантого атындағы Жоғары Силезия экономикалық университетінде (Польша) 2014 жылы ғылыми тағылымдамадан өтті, 2016 жылы Германияның Академиялық ұтқырлық қызметінің бағдарламасы бойынша Хайльбронн Университетінде «Туризм» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
2011 жылы кафедраның доценті Н.П.Чернявская Липецкий мемлекеттік техникалық университетінде тағылымдамадан өтті.
2014- 2015 оқу жылында т.ғ.к, доцент м.а. Жапсарбеков Г.П. және аға оқытушы Хажгалиева Д.М «Prof Cadr» оқу орталығында (Алматы қ) тағылымдамадан өтті.
2016 жылы шілде айында аға оқытушылар Бекбаулина С.Х, Досымова О.Ж. В. Корфантого атындағы Жоғары Силезия экономикалық университетінде (Польша) ғылыми тағылымдамадан өтті.