Дін - тәрбие негізі

5 қазанда сағат 10.00-де ZOOM платформасында гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің "Филология және журналистика" кафедрасының кураторлары "Дін - тәрбие негізі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
1-курс филология тобының кураторы Ә.Түймебекованың ұйымдастыруымен өткен шараны 1-курс веб журналистика тобының кураторы А.Әнуарбекова жүргізіп, қонақ ретінде "Дінтану" орталығының маманы, дінтанушы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы, сондай-ақ кафедра кураторларымен қатар 70-ке жуық студент қатысты.

Онлайн өткен шарада Бақтияр Алпысбаев студенттерге деструктивті діни ағымдардың адам санасына кері әсері туралы айтып, ғалымдардың сөзіне сүйене отырып, зайырлылық пен дін анықтамасына тоқталып, діни кітаптардың да жайын тілге тиек етті.

Студенттермен пікіралмасу, әңгімелесу форматында өткен шарада көптеген мағлұматтар айтылып, жастарға ақыл-кеңес берілді. Сондай-ақ, студенттер де өздрін толғандырған сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.

Айгүл Ануарбекова,

"Филология және журналистика" кафедрасының оқытушысы

Top