Университетте жас журналистер клубы құрылды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетіне қарасты "Филология және журналистика" кафедрасында "Жас журналистер клубы" ашылды. Қараша айының басында қолға алынған бастамамыз қолдау тауып, аз ғана уақыттың ішінде 70-ке жуық мүше жинады. Әрине, қатысушылар өзіміздің студенттеріміз. Дей тұрғанмен, таңдау еркі өздерінде тұрған талапты, белсенді, білімге құштар студенттер күннен күнге қатысушылардың қатарын көбейтуде. Білсек, үйренсек, көрсек деген жалынды жастардың басын қосқан клубтың жұмыс жоспарында көптеген іс-шаралар бар. Соның ішінде белгілі, белді журналистер мен болашақ журналистер арасын байланыстырып, шәкірт тәрбиелеу ісіне қарымды қаламгерлерді жұмылдырғымыз келгеннен туған ой еді бұл. Бұйырса, алдағы уақытта әріптестерімізді басқа қалада болса онлайн кездесуге, жамбылдық болса университетке шақыратын боламыз.

Лаззат Абдраимова,

"Филология және журналистика" кафедрасының оқытушысы

Top