Журналистер "Jambyl" телеарнасында қонақта

Бүгін Филология және журналистика" кафедрасы "Жас журналистер клубының" ұйымдастыруымен студенттер "Jambyl" телеарнасына барды.
Қонақтарды "Jambyl" телеарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлы мен орынбасары Айбол Қарашев қарсы алып, телеарна мен радионың жұмысымен, студиялармен таныстырды. Шара барысында телеарна мамандары өз жұмысы туралы айтып, білімгерлер үшін арнайы жаңалықтар мен "Таңғы тайм" бағдарламасының түсірілім сәті көрсетілді. Клуб мүшелері жаңалық жүргізу, радиода мәтін оқу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, жаңа маусымның жеті жаңалығы да студенттер назарына ұсынылды. Ал іс-шара соңында баспасөз орталығында Мейіржан Әлібекұлы мен Айбол Қарашев дәріс оқып, өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып, студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Бұл Журналистер клубы мен телеарнаның бірлесіп ұйымдастырған алғашқы шарасы. Мейіржан Әлібекұлы бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді. Ал Журналистер клубы кафедрада қараша айының басында құрылған болатын. Бүгінде 1-4 курс студенттерінен құралған 60-қа жуық мүшесі бар клубтың алға қойған мақсаты айқын, жоспары көп. Білімгерлер де іс-шараның қызықты өткенін айтып, ризашылықтарын білдіруде.

254973173 4346474325471616 8500710724005398661 n

255245500 4346475598804822 264357469827931011 n

Айгүл Ануарбекова,

"Филология және журналистика" кафедрасының оқытушысы

Top