Мақала жазу шеберлігі жайлы дәріс өтті

Бүгін "Филология және журналистика" кафедрасы Жас журналистер клубының ұйымдастыруымен облыстық "Ақ жол" газетінің Бас редакторы Оралхан ДӘУІТТІҢ шеберлік сағаты өтті.
Оралхан Дәуіт клуб мүшелеріне дәріс оқып, өзінің журналистикадағы 25 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар боларлық ақыл-кеңесін берді. Жалпы, журналистиканың тарихынан сыр шертіп, бүгіні мен болашағы туралы ой қозғады. Мақала жазу шеберлігі жайлы, тақырып қою өнері, ой қорыту мәселесі, жалпы оқырманды баурап алудың жолдары жайлы тағылымды мәліметтермен бөлісіп, машықтанудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Мәселен, Ақмарал Қарабек газет журналисі телеарнада жұмыс істей ала ма десе, Анар Әуесбек мақала жазудың жолдарын білгісі келетінін айтып, Ділназ Бекбосын газеттердің электрондық нұсқасын дамытудың тиімділігін сұрады. Осылайша, шеберлік сағатында қызықты әрі қажетті мәліметтер айтылып, жас журналистердің кәсіби маманмен кездесуі жоғары деңгейде өтті. Жиын соңында ұйымдастырушылар қонаққа алғысын айтып, студенттер естелік суретке түсті.

255860105 4371880219597693 8425082210119318099 n

255743553 4371879506264431 7050365119875510515 n

Айгүл Ануарбекова,

"Филология және журналистика" кафедрасының оқытушысы

Top