Журналистік сараптама және медиа трендтер

Бүгін "Филология және журналистика" кафедрасының ұйымдастыруымен Жас журналистер клубының кезекті шеберлік сағаты өтті. Шығармашыл жастар Zoom платформасында бұл жолы республикалық "Айқын" газетінің бас редакторы, халықаралық "Болашақ" бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғарамен кездесті.

Шеберлік дәрісіне "Болашақ" бағдарламасының түлегі, филология ғылымдарының кандидаты Қанат Әуесбай модератор болып, жүргізді.
80-ге жуық студент қатысқан іс-шара барысында Нұрмұхамед Байғара журналистиканың қыр-сыры туралы айта келе, сараптамалық мақала жазудың ерекшеліктері мен медиа трендтерге тоқталды.
Студенттер де белсенділік танытып, тақырып төңірегінде сұрақтарын қойып отырды. Мәселен, Д.Зауытбекова әдебиетпен қамтамасыз етілудегі кемшін тұстар жайлы сөз етуін, ал Д.Асқар шетел мен қазақ журналистикасы жайлы айтып беруін сұрады.

Жалпы, кездесу халықаралық "Болашақ" стипендианттары қауымдастығының Bolashaq media club мүшелерінің Media mentor жобасы аясында ұйымдастырылды.
#BolashaqMediaClub
#MediaMentor
#jasjurnalist

274011805 4699292503523128 3449163758540419806 n

274016207 4699292226856489 2446941835349195836 n

Айгүл Ануарбекова,

"Филология және журналистика" кафедрасының оқытушысы

Top