МАҚАЛА ЖАЗУ МАШЫҒЫ

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттік телестудиясында шеберлік сағаты өтті. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті "Филология және журналистика" кафедрасы Жас журналистер клубының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстық "Арай" газетінің бас редакторының орынбасары Жасұлан Сейілханов қатысып, журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан 1,2-курс студенттеріне "Мақала жазу машығы" тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында әскери журналистика мен спорт журналистері туралы сұрақтар қойылып, кәсіпке адалдық, баспасөздің болашағы мен әмбебап маманға деген сұраныс жайлы әңгіме өрбіді.
Болашақ журналистер өз ойымен бөлісіп, еркін сұқбаттасты. Сондай-ақ шеберлік сағатына мектеп оқушылары да қатысты.

Бұл күндері Дулати университетінде Ашық есік күндері ұйымдастырылып, оған облыс бойынша мектептердің бітіруші түлектері қатысуда. Бұл жолы да осы мақсатпен студенттік телестудияға бас сұққан жас қонақтар кезекті іс-шараның куәсі болды. Осылайша кездесу тек студенттерге ғана емес, оқушыларға да қызықты, пайдалы болып, мамандық таңдау алдында тұрған балаларға жол сілтеуімен, журналистика туралы мол мағлұмат берілуімен ерекшеленді.
Іс-шара соңында студенттер қонаққа рақметін айтып, естелік суретке түсті.

279717437 4911729455612764 9105748633484412601 n

279722808 4911728735612836 1413677607848405747 n

Айгүл Ануарбекова,

"Филология және журналистика" кафедрасының оқытушысы

 

Top